Жұлдыз ауылдық округі – Түркістан облысы Сайрам ауданында болған әкімшілік бірлік. 2014 жылы құрамындағы барлық ауыл Шымкент қаласына берілгендіктен таратылған.Жекелеген елдi мекендерді есептi деректерден шығару туралы Құрамына Жұлдыз, Ақтас, Бадам 2, Қаратөбе, Қарабастау ауылдары кірді. Тұрғыны 17 060 адам (2009). Орталығы – Жұлдыз ауылы болған.«Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл. ISBN 5-89800-123-9, Х том.
Дереккөздер
Санат:Сайрам ауданының таратылған ауылдық округтері