Қамысақты – Есіл алабындағы өзен.

Географиялық орны Солтүстік Қазақстан облысының Айыртау, Есіл аудандары жерімен ағып өтеді. Ұзындығы 106 км, су жиналатын алабы 1800 км2.

Бастауы Бастауын Галицино ауылының солтүстігінде 5 км жерден алып, Жалтыркөл көліне, одан шығып, Үлкен Тораңғыл көліне құяды.

Гидрологиясы Аңғарының ені 0,1 – 0,3 км, арнасы 10 – 40 м. Жағасы тік жарлы (2 – 4 м). Лавровка ауылы маңындағы орташа жылдық су ағымы 0,24 м3/с. Өзеннің бас жағындағы судың минералдығы 200-300 мг/л, Жалтыркөл көлінен төменде 400-600 мг/л.

Жауын-шашын, жер асты суларымен толығады. Көктемде суы жұмсақ, жазда қарасуларға бөлініп, орташа тұзы қалады. Өзен иірімі мен Жалтыркөл көлінің суы егіндікті суару үшін және жағын орналасқан елді мекендердің шаруашылық қажетіне пайдаланылады.

Лавров ауылында жалпы көлемі 16 мың м2 3 тоған бар. Өзеннің автомобиль жолымен қиылысатын жерінде 3 көпір салынған. Ел аузындағы аңыздарға қарағанда, Қамысақты қазір құрып кеткен Қамысты өзенінің бас жағы болып табылады. 19 ғасырда Қамысақты аңғарында қалың орман өскен, кейіннен қоныс аударушы шаруалар отап, тауысқан. Осыдан соң өзеннің су жинайтын алабы қысқарған. Тың жер өзен жағасына дейін жыртылып, жағдайы одан сайын қиындай түсті. Маңайдағы көлдерден және Есіл өзенінен су әкелу өзен ағысын реттей алмады. Қамысақтының құрып кету қаупі бар.Қазақстан Республикасының табиғаты 3 том, 2 бөлім

Дереккөздер

Санат:Айыртау ауданы өзендері Санат:Есіл ауданы (Солтүстік Қазақстан облысы) өзендері Санат:Есіл су алабы