250 px|thumb Ұлттық педагогика, халық педагогикасы — Халықтың ұрпақ тәрбиелеу тәжірибесін зерттеп, ғылыми жүйеге келтіретін педагогика ғылымының саласы. Адамның белгілі бір этносқа тән қасиеті сәби кезінен қалыптасады. Бала өмірінде отбасы тәрбиесі басты рөл атқарады. Отбасы мүшелерінің қарым-қатынасы, бір-біріне көзқарасы, ойлау жүйесі, жүріс-тұрысы, мінез-құлқы – ұлттың анықтаушы, бөлінбес бөлшегі. Ұлттық мінезқұлықтың отбасы қалыптасуында ұлттық тәлім-тәрбие (этнопедагогика) шешуші рөл атқарады.

Халық педагогикасының негізіне ұлттық рухани, мәдени мұралар (ою-өрнек, қол өнері, ән-күй, өлең-жыр, т.б.), салт-дәстүрлер, әлеуметтік мінез-құлық нормалары кіреді. Ауыз әдебиетінің үлгілері, оның ішінде мақал-мәтел, өлең-толғау, термелер, жұмбақтар – ақыл-ойды жетілдірудің, батырлар жыры, ән-күй, терме-тақпақ – эстетикалық және ерлік рухта тәрбиелеудің, ертегілер мен аңыздар – адамгершілік мінез-құлықтар мен қарым-қатынасты қалыптастырудың құралы ретінде пайдаланылады. Ұлттық педагогика түрлерінен халықтық идеялар көрініс табады, оның мазмұнын айқындайды.

Сөйтіп, жастардың бойына ізгілік, қайырымдылық, достық, батырлық, адалдық, шыншылдық, бауырмалдық, т.б. қасиеттерді сіңіреді. Қазақстан ұлттық энциклопедиясы Дереккөздер