Кивилер () – төсқырынсыз құстар туысы. Киви – Жаңа Зеландияның ұлттық символы. Олардың денесінің ұзындығы 50 – 80 см, салмағы 2 – 4 кг. Денесі біркелкі шаш тәрізді қауырсынмен жабылған, құйрығы болмайды, аяқтары қысқа, өте мықты келеді, аяқтарындағы башайларының саны – үшеу, тырнақтары өткір. Тұмсығы жіңішке әрі ұзын, оның ұшында танау тістері орналасқан. Көздері кішкентай. Қорегін көбінесе, иіс сезу арқылы табады. Басқа түйеқұстардан басты ерекшелігі – Кивитәрізділер түнде белсенді тіршілік етеді. Олар қалың ағаштар мен бұталардың арасын мекендейді. Қуысты жерлерге салған ұясында 1 – 2 өте ірі (салм. 450 г-ға дейін) жұмыртқасы болады. Жұмыртқасын қораздары 6 – 7 аптадай шайқайды. Балапандарына да қамқорлықты қораздары жасайды. Кивитәрізділер жыныстық жағынан 3 – 5 жаста жетіледі. Олар құрттармен, жәндіктермен және жидектермен қоректенеді. Кивитәрізділердің қазіргі кезде 5 түрі бар. Кіші кивидің 500 – 600-дей данасы тіркелген (2001). Орман алқаптарының азаюы мен кивитәрізділерді қауырсындары үшін аулау – олардың санының күрт азаюына әкелді. 1921 жылдан бері қатаң қорғауға алынған, Халықаралық табиғат қорғау одағының Қызыл кітабына тіркелген.Қазақ Энциклопедиясы
Дереккөздер
Дереккөздер
Санат:Түйеқұстәрізділер