Гүлзия Жайлауқызы Пірәлиева (30.4.1958 жылы туған, Түркістан облысы Түлкібас ауданы Ақбиік а.) – филология ғылымының докторы (2005), профессор (2008). 1980 ҚазМУ-ды (қазіргі ҚазҰУ) бітірген. 1980-1984 «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас алаш») газетінде тілші 1984-1989 «Оңтүстік Қазақстан» 1989-1991 «Өркен» газеттерінде бөлім меңгерушісі 1991-2006 Әдебиет және өнер институтында ғылыми, бас ғылыми қызметкер болды. 2006 жылдан Қазақ мемлекеттік қыздар педагогика институтында (қазіргі Қазақ мемлекеттік қыздар педагогика университеті) кафедра меңгерушісі, декан қызметін атқарады. Ғылыми жұмыстар 2004 ж. «Қазіргі қазақ прозасындағы психологизм мәселелері» тақырыбында докторлық диссертация қорғады. 100-ге жуық ғылыми жарияланымның авторы."Қазақ энциклопедиясы" Дереккөздер</span>
Źródło i licencja
Na podstawie: Wikipedia — Гүлзия Жайлауқызы Пірәлиева · historia autorów.
Tekst: CC BY-SA 4.0.
Informacja o opracowaniu
Usunięto składnię wiki i szablony; dłuższe teksty skrócono.