Бейматериалды активтер () – айналымнан тыс активтер тобы. Олардың материалдық-заттық мазмұны жоқ‚ бірақ құны болады‚ құжаттармен қуатталады‚ табыс әкеледі және табыс алуға алғышарттар жасайды‚ ұзақ мерзімді кезеңде (1 жылдан астам) пайдаланылады‚ иеліктен шығаруға жарамды болады.

Бейматериалды активтерге мыналар жатқызылады: патенттерден‚ лицензиялардан‚ авторлық шарттардан туындайтын құқықтар; жерді‚ жылжымайтын мүлікті пайдалану құқықтары; ноу-хау; тауар белгілері‚ т.б. Шетелде Материалдық емес активтерге фирманың беделі, оның жұмыс стилі‚ яғни кеңсенің дизайны‚ визиткалар‚ фирмалық бланкілер‚ конвертконверттер‚ қызметкерлердің фирмалық киім-кешегі‚ т.б. жатқызылады. Меншікті өндіріс қызметінің өнімі болып табылатын материалдық емес актив тауар ретінде есептеледі.«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VI том</ref> Дереккөздер

Сілтемелер

Экономика