Майлысай – Шалқар алабындағы өзен.
Географиялық орны Ақтөбе облысы Шалқар ауданы жерінде.
Бастауы Шағырай үстіртінің солтүстігіндегі бұлақтардан басталып, Лақалы көліне құяды.
Гидрологиясы Арнасы жарлы. Жер асты, жауын-шашын суларымен толығады. Әрқайсысының ұзындығы 10 км-ден аспайтын 15 саласы бар. Жауын-шашынға байланысты көктемде толығып, ал жазда көлшіктерге бөлініп қалады. Жылдық орташа су ағымы сағасында 1,40 м³/с.Қазақ энциклопедиясы
Дереккөздер
Санат:Шалқар ауданы өзендері Санат:Шалқар су алабы