Мұрат Бекмұхамедұлы Серкебаев (13 қыркүйек 1940, Алматы) – скрипкашы, дирижер, композитор, Қазақ КСР халық әртісі (1991).
Өмірбаяны 1959 ж. Алматы музыка училищесін бітірген. Алматы мемлекеттік өнер институтын (қазіргі Қазақ ұлттық консерваториясы) (1968), оның аспирантурасын (1973; профессор В.С. Хесстің жетекшілігімен) бітірген. Қазақ телевизиясы мен радиосының эстрада-симфония оркестрі (1959 — 65) кейін камера оркестр (1968 — 70) құрамында скрипкашы ретінде қызмет етті; осында бас дирижер әрі көркемдік жетекші (1976 — 96), 1998 жылдан Алматы қаласы әкімі Концерттік оркестрінің көркемдік жетекшісі әрі бас дирижері болып, Қазақстан композиторларының, орыс және шетел классикалық музыка туындыларын насихаттауда елеулі еңбек етті. Алматы музыка училищесінде (1968 — 73) және бұрынғы Алматы мемлекеттік консерваториясында (1973 — 78) педагогикалық қызметпен де айналысады.
Шығармалары “Айнамкөз” поэмасы (1983) “Аққуым-әнім” (1984) “Дала келбеті” (1985) “Элегия” (1986) “Рапсодия” (1987) “Туған жер туралы ән” (1989) атты ән-романстар, оркестрге лайықталып өңделген көптеген музыкалық шығармалар жазған.Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8
Дереккөздер
Санат:13 қыркүйекте туғандар Санат:1940 жылы туғандар Санат:Алматыда туғандар Санат:Қазақстан скрипкашылары Санат:Қазақстан дирижерлері Санат:Қазақстан сазгерлері Санат:Қазақстан халық әртістері