Қызылтөбе ауылдық округі – Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданындағы әкімшілік бірлік.

Әкімшілік құрамы Құрамына Қызылтөбе, Бірлік ауылдары кіреді. Орталығы – Қызылтөбе ауылы.

Инфрақұрылымы Қызылтөбе селолық округі бойынша №2, №6 жалпы білім беру орта мектептері, дарынды балаларға арналған Қызылтөбе лицейі және 7 мектепке дейінгі тәрбие беру орталықтары бар. Ауылдық округі тұрғындарына 3 бастапқы медициналық санитарлық көмек көрсету орталығы, 1 фельдшерлік-акушерлік пункт қызмет көрсетуде.

Ауыл шаруашылығы 2016 жылы ауылдық округ аумағында мал, ауылшаруашылығымен шұғылданатын шаруа қожалықтарының саны 34- ті құрады. Мал басын көбейту мақсатында атқарылған жұмыстарының нәтижесі: сиыр- 203 (2015 жылы - 208), қой-ешкі 2010 (2015 жылы - 5011), жылқы 985 (2015 жылы - 925), түйе 970 (2015 жылы - 1276).

Халқы 2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша 25290 адамды (12758 ер адам және 12532 әйел адам) құрады.2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары

Дереккөздер

Санат:Мұнайлы ауданы ауылдық округтері