Байдеш Әбішев (20 қыркүйек 1940 жылы туған, Қазалы ауданы Абай атындағы ұжымшар) – ғалым, ауыл шаруашылық ғылымдарының докторы (1997), профессор (2001).
Өмірбаяны Алматы зоотехникалық-ветеринарлық институтын (ҚазҰАУ) бітірген (1962). 1962–91 жылдары Қазақстан ғылым академиясының Экспериментальдық биология институтында аспирант, ғылыми қызметкер, ғылыми хатшы, зертхана меңгерушісі болып қызмет атқарды. 1991–2003 жылдары Қазақ қой шаруашылығы ғылыми-зерттеу технологиялық институтында бөлім меңгерушісі болды. 2003 жылдан Қазақ ветеринария ғылыми-зерттеу институтында зертхана меңгерушісі.
Ғылыми еңбектері Ғылыми еңбектерінің негізгі бағыты мал селекциясы мен генетикасына арналған. Түраралық будандастыру әдісі арқылы алынған Қазақтың арқар-меринос биязы жүнді қой тұқымын сұрыптау жұмыстарының авторы. 150-ден астам ғылыми еңбегі және 1 монографиясы жарық көрген.Қазақстан Республикасында кімнің кім екені - 2011 жыл. Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 ІSВN 978-601-278-473-2
Дереккөздер
Санат:20 қыркүйекте туғандар Санат:1940 жылы туғандар Санат:Қазалы ауданында туғандар Санат:Ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторлары Санат:Қазақ қой шаруашылығы ғылыми-зерттеу технологиялық институтының профессорлары Санат:Қазақстан зоотехниктері