Әмзе Әлжанов (8 наурыз 1916, Шиелі ауданы, Жиделіарық ауылы – 23 желтоқсанм2005, Қызылорда қаласы) — қоғам қайраткері, соғыс және еңбек ардагері. Қызылорда ауыл шаруа техникумын (1938), Қазақстан Ок жанындағы Жоғары партия мектебін (1953) бітірген. Еңбек жолын 1932 жылы Жаңақорған ауданындағы «Горняк» ұжымшарында жұмысшы болып бастады. 1939 жылы Семей облысы Шұбартау ауданында жер бөлімі маманы болып қызмет істеді. 1941–1942 жылдары Шиелі ауданы партия комитеті 1-хатшысының орынбасары, 1946–1947 жылдары Қазалы ауданы партия комитеттінде насихат бөлімінің меңгерушісі, 1948–1951 жылдары Қызылорда облысы партия комитетті ауыл шаруашылық бөлімі меңгерушісінің орынбасары, 1953–1954 жылдары Шиелі ауданы парткомының 1-хатшысы, 1954–1956 жылдары аудандық атқару комитеттінің төрағасы, 1956–1958 жылдары Тереңөзек (Сырдария) ауаткомының төрағасы, 1958 жылы Жаңақорған ауданы парткомының 1-хатшысы қызметтерін атқарды. 1961 жылы Қазақстан Компартиясы ОК-нің мүшесі, 1961–1963 жылдары Қармақшы ауданы парткомының 1-хатшысы, 1963–1969 жылдары аудандық атқару комитеттінің төрағасы, 1969–1980 жылдары Қызылорда облысы тұрмыстық қызмет көрсету басқармасының бастығы болып қызмет атқарды. 1980 жылы республикалық дәрежедегі дербес зейнеткерлікке шыққан. Әлжанов Еңбек Қызыл Ту, «Құрмет белгісі» ордендері, медальдармен марапатталған.

Дереккөздер

Санат:Тұлғалар