Бөрітпе сүзек — іш сүзегіне ұқсас ауру, бірақ одан айырмашылығы бар. Оның инфекциясы биттің, кененің, егеуқұйрықтың немесе бүргенің тістеп-шағуынан тарайды.

Белгілері Бөрітпе сүзек қатты салқын тиген сияқты болып басталады. Бір аптадан және одан да кейінірек қалтыратып, ыстық пайда болады, бас, бұлшық еттер мен кеуде ауырады. Ыстық көтерілгеннен кейін бірнеше күннен соң алғашында қоптықтың астында, аяқ-қолға, сонан соң бүкіл денеге бөрітпе шығады (бірақ бетке, қолдың және аяқтың бастарында бөрітпе болмайды). Берітпе ұсақ-ұсақ болып көгеріп, қаптап тұрады. Ыстық екі апта тұрады, кейде одан ұзаққа созылады. Бөрітпе сүзек балаларда жеңіл түрінде өтеді де, егде адамдарда ауыр болады. Әсіресе бөрітпе сүзек індеті өте қауіпті. Егер бөрітпе сүзек кенеден тараса, оның шаққан орнында үлкен, жанға бататын жара пайда болады, лимфа түйіндердің айналасы ісіп, ауырады.

Емдеу жолдары Бөрітпе сүзектен сезіктенген жағдайда дәрігерден кеңес алыңыз. Көбіне арнаулы анализ жасатқызу қажет. Тетрациклин беріңіз: ересектерге: күніне 4 рет екі капсулдан (250 мг-нан) 7 күн бойы беріңіз. Хлорамфеникол де көмектеседі, бірақ бұл қауіптірек.

Алдын алу Өзіңізді және өз айналаңызды таза ұстаңыз. Барлық отбасын битке қарсы ұдайы дезинфекциялап отырыңыз; Итіңіздің үстін кенеден тазартыңыз, итті үйге кіргізбеңіз. Егеуқуйрықты жойыңыз. Ол үшін мысықты немесе қақпанды пайдаланыңыз (бірақ у пайдаланбаңыз, ол басқа жануарларға және балаларға зақым келтіруі мүмкін). Егеуқұйрық бүргесін жойыңыз. Өлі егеуқуйрыққа жоламаңыз. Оның бүргесі сізге түсуі мүмкін. Егеуқұйрықты және оның бүргеперін өртеп жіберу керек. Егеуқұйрықтың ініне инсектицидтер сеуіп, өңдеңіз.Вернер, Дэвид. Халыққа медициналық жәрдем көрсету жөніндегі (Анықтамалық). Қазақ тіліне аударғандар: Айымбетов М, Бермаханов А.—Алматы: "Демалыс", "Қазақстан", 1994— 506 бет. ISBN 5-615-01453-9

Дереккөздер

Санат:Алғашқы көмек Санат:Медицина