Ақпарат қорғау (защита информации) — қорғалатын ақпараттың сыртқа шығуын, оған рұқсат етілмеген және кездейсоқ әсерлерді болдырмауға бағытталған іс-әрекет; ақпараттың сыртқа шығуын, оның ұрлануын, жоғалуын, рұқсатсыз жойылуын, өзгертілуін, рұқсатсыз көшірмесінің алынуын болдырмау үшін жүргізілетін шаралар кешені; мәліметтерді өңдеу жүйесінде — мәліметтер үшін белгіленген шектеулерді қанағаттандыруға бағытталған ұйымдастырушылық, бағдарламалық және техникалық әдістер мен құралдар.Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Информатика және компьютерлік техника / Жалпы редакциясын басқарған түсіндірме сөздіктер топтамасын шығару жөніндегі ғылыми-баспа бағдарламасының ғылыми жетекшісі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты А.Қ.Құсайынов. – Алматы: «Мектеп» баспасы» ЖАҚ, 2002 жыл. – 456 бет. ISBN 5-7667-8284-5

Дереккөздер

Санат:Ақпараттану Санат:Компьютерлік техника