«Байқоңыр» — Алматы метросының 5-ші бекеті. Бірінші бағытта «Абай» және «Мұхтар Әуезов атындағы театры» бекеттерінің арасында, Абай даңғылы мен Ахмет Байтұрсынұлы көшесінің қиылысында орналасқан.

Тарихы Бекет 2011 жылдың 1 желтоқсанында ашылған. Ол Алматы метросының іске қосылатын «Райымбек батыр» — «Алатау» бірінші кезегінің бөлігінде болды.

Құрылысы 2006 жыл, қаңтар — «М. Әуезов атындағы театры» бекеті жағынан сол аралық туннельдің түйісуі. 2006 жыл, маусым — «М. Әуезов атындағы театры» бекеті жағынан оң жақ аралық туннельдің түйісуі. 2007 жыл — көлбеу жүріс құрылысының басталуы. 2008 жыл, қаңтар — метро құрылысшылары 5-10 метр жол жүруден өтті. Металл құбырларының жоқтығы салдарынан жұмыс 3 айға тоқтап қалды. 2008 жылдың сәуірі — «Абай» бекеті жағынан оң жақ аралық туннельдің түйісуі. 2008 жылдың мамыры — желдету дүңгіршектерінің құрылысы басталды. 20 мамырда бекет ашыла бастады. 2008 жылдың шілдесі — «Абай» бекеті жағынан сол аралық туннельдің түйісуі. Бірінші кезектегі туннельдердің құрылысы аяқталды. 2010 жылдың сәуірі — вестибюль құрылысы, орта бекеттік туннельдің негізгі астары, платформалық бөліктің ішкі конструкциялары, сондай-ақ инженерлік желілерді төсеу жұмыстары жүргізілуде. Екінші жартыжылдықта эскалаторлар орнату жоспарланып отыр. Архитектурасы мен безендірілуі «Байқоңыр» — метро бекеті терең жер асты бекеті.

Бекет дизайны Байқоңыр ғарыш айлағының стилінде жасалған.

Негізгі мақсат бекетті жоғарғы технологиялары стилінде салу, бекет ішінде адам өзін ғарыш кемесі ішінде отырғандай сезім тудыру.

Жақын орналасқан нысандар Балуан Шолақ атындағы спорт сарайы Орталық cтадион «Promenade» сауда орталығы Қ. Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ Алматы энергетика және байланыс университеті Туризм және спорт академиясы​​

Дереккөздер

Сілтемелер

Санат:Алматы метро бекеттері