Лондон ( ) — Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Патшалығының қаласы және астанасы. Британ аралдарындағы ең үлкен қала. Еуропадағы ең ірі урбандық аймақ. Аумағы 1706,8 км². Халқы 8 млн. адамнан асады және халқы санынан әлемде 18-нші орында. Бұл көрсеткіш Еуропада 2-ші болып табылады.
Лондон нөлдік немесе Гринвич Меридианы үстінде орналасқан. Лондон 2012 жылғы Жазғы Олимпиада ойындарын қабылдап Олимпиада ойындарың 3 рет қожайыны болуда.
Лондон әлемдегі өнер, сауда, білім және ғылым, сән, қаржы, кәсіптік қызмет, денсаулық сақтау, зерттеу және даму, туризм және көлік салалары бойынша жетекші жаһандық қала болып табылады. Қалада әлемдік деңгейдегі Хитроу әуежайы және Темза өзенінің жағасында әлемдегі ең үлкен өзен порттарының бірі орналасқан.
Халқы Қала өз маңайын қосқанда алуан түрлі дін және мәдениеттерді қамтитын 300-ден аса әр тілдерде сөйлейтін әр-түрлі ұлт өкілдерімен жұрттанған. Халық саны1801—2015 жылдары, млн адамПо данным переписей, подробнее см.:
Этникалық топтар, 2011 жыл 2011 жылдағы санақ бойынша лондондықтардың 45% ақ нәсілді британдықтарға, тағыда 15% - басқа да ақ нәсілділерге жатқызды. 61% азаматтар Англияда, ал 37% - Ұлыбританиядан тыс жерде дүниеге келген. Олардың ішінде 3 пайызы Үндістанда, 2 пайызы Польшада дүниеге келген.
Климаты Лондондағы климат қоңыржай белдеудің ішіндегі қоңыржай теңізді климат болып табылады. Лондонның қысы жұмсақ, жазы жылы болып келеді. Қаңтардағы орташа температура қиыр солтүстік шығыстың өзінде 3,5°С-тан төмен түспесе, ал оңтүстік батыста 5,5°С-қа жетеді, мұнда өсімдіктер бүкіл жыл бойы өседі. Оңтүстік батыстан келетін жылы теңіз ауасы қысқы температураны көтергенмен күшті желдер мен штормдар болатын құбылмалы және жауын-шашынды ауа райын қалыптастырған. Шығыс пен солт.-шығыстан суық ауа жеткен кезде аязды ауа райы ұзақ мерзімге орнығады. Қыста ел аумағына қар біркелкі түспейді, қар жамылғысы шамалы уақыт қана сақталады. Англияның оңтүстігінде, әсіресе, оңтүстік батысында қар өте сирек түседі. Шығыс аудандарындағы қыс неғұрлым суық және құрғақтау. Жазы салыстырмалы түрде салқын. Ең жылы айы — шілде: ортатәуліктік ауа температурасы ең көп дегенде 22,5°C құрайды. Қауіпті температура жаздың шілде тамыз айларында орнайды (2003 жылдың тамызында температура 37°C дейін көтерілген).
Лондон аудандары Үлкен Лондон ситилерден және 32 ауданнан (оның ішіндегі 13 Ішкі Лондонда және 19 Сыртқы Лондонда орналасқан): 290px|left {| |-valign="top" |width="33%"| Сити Вестминстер Кенсингтон және Челси Хаммерсмит және Фулем Вандсворт Ламбет Саутуарк Тауэр-Хэмлетс Хакни Излингтон Камден |width="33%"| Брент Илинг Хаунслоу Ричмонд Кингстон Мертон Саттон Кройдон Бромли Луишем Гринвич |width="33%"| Бексли Хейверинг Баркинг және Дагенхэм Редбридж Ньюхэм Уолтем-Форест Харинги Энфилд Барнет Харроу Хиллингдон
Метро Хаммерсмит-энд-Сити () бағыты — Хаммерсмит және Баркинг бекеттерінің арасында салынған лондондық метрополитен бағыты. Дүние жүзіндегі ең алғашқы метро болып табылады. Әлемдегі ең ескі жерасты темір жол болып табылатын, өзінің құрамында Лондодағы Фаррингдон және Паддингтон бекеттерінің арасындағы 1863 жылдың 10 қаңтарнан бастап жолаушының қозғалысы үшін ашық, ең ескі жерасты өткелігі бар.
Бағыт жолаушылар тасымалдау санын ескергенде, лондондық жерасты теміржолы 12 бағыттың арасында 10 орын алады.
Көрікті жерлері +Лондон көрікті жерлеріthumb|150px|Лондондағы Әулие Павл соборыthumb|150px|Тауэрс бекінісіthumb|200px|Букингем сарайыthumb|200px|Тауэр көпіріthumb|200px|Зәулім ғимараттардың бірі — 30 St Mary Axe
Лондонның панорамадағы көрінісі
Дереккөздер
* Санат:Еуропа елордалары Санат:Миллионер қалалар