ДИСКІЛЕРДІ КЕЗЕКТЕСТІРУ (Чередование дисков; disk striping) — RAID технологиясының нөлінші деңгейі. Дискілердің әр түрлі бөлімдерінің алмасуын жасақтайды. Бұл кезде файл бірнеше физикалық дискілерге үлестіріліп таратылғандай болып көрінеді. Бұл әдісті жүзеге асыруға 2-32 дискі қажет. Жеке жинақтауыштарда орналасқан (жеке дискі контроллеріне қосылған) және сьійымдылықтары бірдей дискілерді біріктіру енгізу-шығару операциясын орындағанда бірден бірнеше мәліметтер бөлігімен жұмыс атқаруға мүмкіндік береді әрі жұмыс жеделдейді. Кемшілігі — дискінің кез келген бөлімі бұзылғандай жағдайда осы массивтегі барлық мәлімет жойылып кетеді. Екінші және одан жоғарғы деңгейде кезектестірудің басқа әдістері қолданылады.
Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Информатика және компьютерлік техника / Жалпы редакциясын басқарған, түсіндірме сөздіктер топтамасын шығару жөніндегі ғылыми-баспа бағдарламасының ғылыми жетекшісі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты А. Қ. Құсайынов. – Алматы: «Мектеп» баспасы» ЖАҚ, 2002 жыл. – 456 бет. ISBN 5-7667-8284-5 Дереккөздер
Санат:Ақпараттану Санат:Компьютерлік техника