thumb|Вазелин Вазелин — минералдық май мен қатты көмірсутектердің (парафин, церезин, петролатум) бір текті май тәрізді қоспасы, мұнайдан алынатын май тәрізді қоймалжың зат."Ордабасы": Энциклопедия.- Шымкент:"Ордабасы".2008. Вазелинді қатты көмірсутектерді (15 - 20%) балқытып немесе олардың минералдық майлардағы қоспасынан алады, оны күкірт қышқылымен және ағартқыш сазбен тазартады. Балқу t 50 - 65°С. Қолданылуына қарай медициналық, технологиялық, конденсаторлық болып бөлінеді. Вазелин медицинада, металдарды коррозиядан қорғауда, электротехникалық өнеркәсіпте, т.б. кеңінен қолданылады.“Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9

Дереккөздер

Санат:Дәрілік заттар Санат:Мұнай өнімдері Санат:Тағам қоспалары Санат:Антифрикцион материалдар