Компресс (лат. compressus -сығымдалған)Краткая медицинская энциклопедия, 2-том. Москва - 1990. ISBN 5-85270-056-8 - көпқабатты емдік таңғыш.

Компресс түрлері Құрғақ компресс. Стерилденген дәкені бірнеше қабаттап бүктеп, үстіне мақта салып, бинтпен ұстатады, содан соң оны зақымданған жерге, күйікке, жараға жапсырады. Қыздырғыш компресс. Компресті қою барысы: бірнеше қабаттап бүктелген дәкені немесе матаны бөлме температурасындағы суға малып, жақсылап сығады да ауру жерге басады; матаның үстіне оның шетінен 1-2 см асып тұратындай етіп балауыз қағаз жабады; оның үстіне қалың етіп мақта төсейді; сосын компресті орнынан қозғалмайтын, науқастың да мазасын алмайтындай етіп бинтпен таңып тастайды. Қыздырғыш компресс қабынуға қарсы әсер етеді; қан тамырларын ұзақ уақыт кеңейтеді; дененің белгелі бір жеріне қанның келуін молайтады. Қыздырғыш компресті 10-12 сағат ұстайды. Компресс түнге қарай қойылады. Қыздырғыш компрестің әсерін күшейту үшін үстіне грелка қоюға болады, ал матаны сумен емес, жартылай су қосылған арақпен немесе спиртпен дымқылдау керек. Дәрілі компресс. Дәрілі компресс - қыздырғыш компресс сияқты, бірақ оның әсерін күшейту үшін суға дәрігер ұсынған әр түрлі дәрілік препараттар (ас содасы (стақан суға 1 шай қасық), бура сұйығын (стақан суға 1 ас қасық)) қосады. Ыстық компресс. Ыстық компресс ауруды басады, қабынуға қарсы әсер етеді. Оны бұлшық ет, буын т.б.уырғанда белгілі бір жерді қыздыру үшін қояды. Матаны ыстық суға малып (60°-70° температурада), 5-10 минут сайын ауыстырып отырады. Ыстық компресс қою барысы қыздырғыш компресс қойғандағыдай. Суық компресс. Суық компресс дененің бір жерін соғып алғанда, мұрын және басқа жерлер қанағанда алғашқы минуттарында қолданады; дене терісін суытады; соғылған жердің ауырғанын басады; ауырған жерге қан ұюын азайтады. Бірнеше рет қабатталған матаны суық суға малып алып (мұзды су болғаны дұрыс), ауырған жерге 2-3 минут қояды, мұны бірнеше рет қайталаған жөн.

Тағы қараңыз Алғашқы көмек

Дереккөздер

Дереккөздер "Шаңырақ" үй-тұрмыс энциклопедиясы. Алматы. 1991. ISBN 5-89800-035-6 (1-й з-д)

Санат:Медицина Санат:Денсаулық сақтау