Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі — Қазақстан Республикасының Үкіметі құрамына енетін Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы. Министрлік Қазақстан Республикасындағы денсаулық сақтау, медицина және фармацевтика ғылымы мен білім беру саласындағы мемлекеттік саясатты жүргізу; заңнамаға сәйкес азаматтардың мемлекет кепілдік берген көлем шегінде тегін медициналық көмек алуын қамтамасыз етуді ұйымдастыру; халықты және денсаулық сақтау ұйымдарын қауіпсіз, тиімді және саналы дәрілік заттармен қамтамасыз етуді ұйымдастыру жұмыстарын атқарады.

Тарихы Алғашында 1920 жылғы қазанда Қазақ КСР Денсаулық сақтау халық комиссариаты ретінде құрылды.Қазақ КСР мемлекеттік мекемелері. Анықтамалық. Қазақ АКСР Әлеуметгік-мәдени құрылыс басқармасы органдары, әкімшілік-саяси органдары және әділет соты органдары (1920–1936) 2-т., З-б. Алматы, 1983, 36-37-6. қара). 1937 жылдан Қазақ КСР Денсаулық сақтау халық комиссариаты. 1946 жылғы наурыздан — Министрлік. (Қазақстан Республикасының мемлекеттік мекемелері. Анықтамалық. Әлеуметтік-мәдени құрылыс басқармасы органдары, әкімшілік-саяси органдар және Қазақстан Республикасының әділет соты органдары (1937–1977), 2-т., 3-6., Алматы, 1992, 26-27-6. қара). Қазақ КСР Денсаулық сақтау министрлігі ретінде 1946 жылғы наурыздан қызмет етіп келді.1992–1997 жылдар кезеңдегі мемлекеттік органдар туралы мәліметтер: қараңыз-Қазақстан Республикасының мемлекеттік билік органдары (1991 жылғы 16 желтоқсан – 2001 жылғы 1 қаңтар). Анықтамалық. ҚР ПМ. - Алматы: БҮ "Эдельвейс", 2004. 514-518 б. (Құрастырушылардың ескертпелері). 1991 жылдан бастап Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі деп аталды.

1997 жылы қазанда Денсаулық сақтау министрлiгi мен Бiлiм және мәдениет министрлiгi қосылып, Бiлiм, мәдениет және денсаулық сақтау министрлiгi құрылды. 1999 жылы қаңтарда ол Денсаулық сақтау, білім және спорт министрлігі болып өзгертіліп, қазан айында одан Денсаулық сақтау істері жөніндегі агенттік бөлінді.

2001 жылы Денсаулық сақтау істері жөніндегі агенттік Денсаулық сақтау министрлігі ретінде қайта құрылды."Азаматтардың денсаулығын қорғау саласында мемлекеттік басқаруды жетілдіру туралы" ҚР Президентінің 2001 жылғы 17 қазандағы № 705 Жарлығы. 2002 жылы 1 қаңтардан бастап министрліктің ведомстволары құрылды.

2014 жылы 6 тамызда Денсаулық сақтау министрлігі мен Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі біріктіріліп, Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі құрылды. Министр қызметіне бұрынғы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова тағайындалды.

2017 жылы 25 қаңтарда Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі екіге бөлінді. Денсаулық сақтау министрлігінің басшылығына Елжан Біртанов тағайындалса, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігін басқаруды Тамара Дүйсенова жалғастырды.

Министрліктің негізгі міндеттері Халықтың денсаулығын сақтау; Медицина ғылымы, фармацевтикалық және медициналық білім беру саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты әзірлеу; Азаматтардың заңнамаға сәйкес мемлекет кепілдік берген көлем шегінде тегін медициналық көмек алуын қамтамасыз етуді ұйымдастыру; Халықты және емдеу-алдын алу ұйымдарын қауіпсіз, тиімді және сапалы дәрі-дәрмек құралдарымен қамтамасыз етуді ұйымдастыру; Министрлік құзіреті шегінде халықаралық ынтымақтастықты ұйымдастыру және дамыту.

Құрылымы Министрліктің құрамында 3 ведомство бар: Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Медициналық бақылау комитеті Фармация комитеті

Қарамағындағы мекемелер "Қазақ республикалық лепрозорийі" ММ "Жіті бақыланатын мамандандырылған үлгідегі республикалық психиатриялық аурухана" ММ "Республикалық арнайы медициналық қамтамасыз ету орталығы" ММ "Салидат Қайырбекова атындағы Ұлттық денсаулық сақтауды дамыту ғылыми орталығы" ШЖҚ РМК "Академик Н.Ж. Батпенов атындағы Ұлттық ғылыми травматология және ортопедия орталығы" ШЖҚ РМК "Трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығы" ШЖҚ РМК "Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығы" ШЖҚ РМК "Республикалық психикалық денсаулық ғылыми-практикалық орталығы" ШЖҚ РМК "Қазақ дерматология және инфекциялық аурулар ғылыми орталығы" ШЖҚ РМК "Отан соғысының ардагерлеріне арналған республикалық клиникалық госпиталь" ШЖҚ РМК "Қазақстан Республикасының Ұлттық фтизиопульмонология ғылыми орталығы" ШЖҚ РМК "Отан соғысының ардагерлеріне арналған орталық клиникалық госпиталь" ШЖҚ РМК "Курортология және медициналық оңалту ғылыми-зерттеу институты" ШЖҚ РМК "Транспланттауды және жоғары технологиялық көрсетілетін медициналық қызметтерді үйлестіру жөніндегі республикалық орталық" ШЖҚ РМК "СҚ-Фармация" ЖШС "Ұлттық нейрохирургия орталығы" АҚ "QazBioPharm" ұлттық холдингі" АҚ "Астана медицина университеті" КеАҚ "С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті" КеАҚ "Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті" КеАҚ "Семей медицина университеті" КеАҚ "Turar Healthcare" КеАҚ "Ұлттық балаларды оңалту орталығы" КеАҚ "Ұлттық ғылыми онкология орталығы" ЖШС "Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы" ШЖҚ РМК "Республикалық медициналық-санитариялық алғашқы көмек орталығы" ШЖҚ РМК "Қарағанды медицина университеті" КеАҚ "Еңбек гигиенасы және кәсіптік аурулар ұлттық орталығы" КеАҚ

Министрлер тізімі № СуретіАты-жөні Қызметі Партиясы Үкімет басшысы199pxмамыр1990желтоқсан1991КОКПҚараманов II199pxжелтоқсан1991сәуір1992Терещенко299pxсәуір1992қазан1997ТерещенкоҚажыгелдин199pxқазан1997қаңтар1999ПартиясызБалғымбаев199pxқаңтар1999қазан1999ПартиясызБалғымбаев199pxқазан1999тамыз2000Тоқаев299pxтамыз2000қазан2001Нұр ОтанТоқаев399pxқазан20014 сәуір2004Нұр ОтанТоқаевТасмағамбетовДаниал Ахметов499px5 сәуір200420 қыркүйек2006Даниал Ахметов599px20 қыркүйек200620 қараша2008Нұр ОтанДаниал АхметовМәсімов I699px20 қараша20087 қазан2010Нұр ОтанМәсімов I799px7 қазан20106 тамыз2014Мәсімов IСерік АхметовМәсімов II199px6 тамыз201425 қаңтар2017ПартиясызМәсімов IIСағынтаев899px25 қаңтар201725 маусым2020Нұр ОтанСағынтаевМамин I999px25 маусым202020 желтоқсан2021Нұр ОтанМамин IМамин II()99px20 желтоқсан202111 қаңтар2022Нұр ОтанМамин II1099px11 қаңтар20226 ақпан2024Нұр ОтанСмайылов IСмайылов IIАманат1199px6 ақпан2024—АманатБектенов I

Қосымша ақпарат

Дереккөздер

Д