thumb|100px|Америций Am|солға Америций (лат. Americium; Am) — актиноидтар тобына жататын радиоактивті химиялық элемент. Атомдық нөмірі — 95. Жасанды жолмен 1944 жылы түзілген. Ең ұзақ уақыт өмір сүретін изотопы 243Am (жартылай ыдырау уақыты — 7370 жыл) және 241Am (жартылай ыдырау уақыты — 458 жыл). Күміс түсті жұмсақ металл. Валенттілігі 3+, 4+, 5+ және 6+ болып өзгере алады.
Америцийдің 18 изотопы бар.
Өнеркәсіпте қолданылуы Америцийді альфа-сәулелер немесе гамма-сәулелер шығаратын зат қажет салаларда шағын көлемде қолданады. Америций өндірісі қымбат болып табылады: 1 грамм таза алтын 30 АҚШ доллары тұрса, 1 грамм америций оксиді 1500 АҚШ доллары деп бағаланады.
Санат:Химиялық элементтер Санат:Радиоактивті элементтер Санат:Актиноидтар