Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі — Қазақстан үкіметінің құрамына енетін, халықтың жұмысы, әлеуметтік жағдайы мен көші-қонына жауапты орталық атқарушы орган.
Тарихы 1991 жылғы наурызда Қазақ КСР Президентінің Жарлығымен Еңбек және әлеуметтік мәселелер жөніндегі мемлекеттік комитет Еңбек министрлігі болып қайта құрылды.О пpеобpазовании Госудаpственного Комитета Казахской ССР по тpуду и социальным вопpосам в Министеpство тpуда Казахской ССР 1992 жылғы ақпанда Әлеуметтік қамсыздандыру министрлігі Халықты әлеуметтік қорғау министрлігі болып өзгертілді.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 1996 жылы Еңбек пен Халықты әлеуметтік қорғау министрліктерінің негізінде президент Назарбаевтың 29 қазан күнгі жарлығымен1 "Орталық атқарушы органдардың құрылымын жетілдіру және мемлекеттік органдар санын қысқарту туралы" Қазақстан Президентінің 1996 жылғы 29 қазандағы №3168 Жарлығы (ҚР ПҮАЖ, 1996, №43, 409-бап). құрылды.
Министрлік президенттің 2014 жылғы 6 тамыздағы №875 Жарлығына сәйкес таратылып, Министрліктің функциялары мен өкілеттіктері Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігіне берілді.
2017 жылғы 25 қаңтарда күшке енген президенттің жарлығымен Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі Денсаулық сақтау мен Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрліктеріне бөлінді.
Басшылығы Министр — Асқарбек Ертаев. Министрдің бірінші орынбасары — Ербол Тұяқбаев Министр орынбасары — Олжас Анафин. Министр орынбасары — Асқар Биахметов. Министр орынбасары — Бахтияр Жазықпаев. Министр орынбасары — Виктория Шегай. Аппарат басшысы — Нұрдәулет Төлеев.
Міндеттері Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің басты міндеттері: еңбек, оның ішінде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау; жұмыспен қамту; әлеуметтік қамсыздандыру, оның ішінде зейнетақымен қамсыздандыру және міндетті әлеуметтік сақтандыру; мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау; балалы отбасыларды әлеуметтік қолдау; азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету; еңбек жағдайлары зиянды жұмыстарда істейтін адамдарды әлеуметтік қорғау; арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету; өз құзыреті шегінде халықтың көші-қоны және босқындар саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру, салааралық үйлестіруді және мемлекеттік басқаруды жүзеге асыру; кәсіптік біліктілікті тану; заңнамамен жүктелген өзге де міндеттерді жүзеге асыру.Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгінiң кейбiр мәселелерi туралы
Комитеттері Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 3 комитеті бар: Көші-қон комитеті Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитеті Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитеті.
Министрліктің ресми сайтындағы ақпаратқа сәйкес көші-қон комитетінің міндетіне «көші-қон процестерін реттеуді және халықтың көші-қоны саласындағы жұмысты үйлестіру» кіреді, сонымен қатар еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің қызметіне «еңбек, оның ішінде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау саласындағы іске асыру және бақылау» жатқызылады.
Қарамағындағы мекемелер Акционерлік қоғамдар
1. Еңбек ресурстарын дамыту орталығы.
2. Республикалық протездік-ортопедиялық орталық.
3. "Мемлекеттік аннуитеттік компания" өмірді сақтандыру компаниясы.
4. Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры.
Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындар
1. Әлеуметтік оңалтуды дамытудың ғылыми-практикалық орталығы.
2. Еңбекті қорғау жөніндегі республикалық ғылыми-зерттеу институты
Министрлер тізімі №СуретіАты-жөні Қызметі ПартиясыҮкімет басшысыЕңбек және әлеуметтік мәселелер жөніндегімемлекеттік комитет төрағасы (1991 жылға дейін)Еңбек министрі (1991—1996)199pxСаят Бейсенов1990қазан1993белгісізҚараманов IIТерещенко299pxВиктор Соболевқазан1993маусым1994белгісізТерещенко399pxПётр Крепакмаусым1994қараша1996белгісізТерещенкоҚажыгелдинӘлеуметтік қамсыздандыру министрі (1992 жылға дейін)Халықты әлеуметтік қорғау министрі (1992—1996)199pxЗәуре Қадырова1990маусым1994белгісізҚараманов IIТерещенко299pxБайкәрім Түтеновмаусым1994қазан1995белгісізТерещенкоҚажыгелдин399pxСейітсұлтан Әйімбетовқазан1995қараша1996белгісізҚажыгелдинЕңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлері (1996–2014)199pxНаталья Коржовақараша1996қазан1999белгісізҚажыгелдинБалғымбаев299pxНиколай Радостовецқазан1999тамыз2000белгісізТоқаев399pxӘлихан Бәйменовтамыз2000қараша2001белгісізТоқаев499pxГүлжан Қарағұсовақараша2001тамыз2007Нұр ОтанТоқаевТасмағамбетовДаниал АхметовМәсімов I599pxБердібек Сапарбаевтамыз20074 наурыз2009Нұр ОтанМәсімов I699pxГүлшара Әбдіқалықова4 наурыз200926 қыркүйек2012Нұр ОтанМәсімов IСерік Ахметов799pxСерік Әбденов26 қыркүйек201210 маусым2013белгісізСерік Ахметов899pxТамара Дүйсенова10 маусым20136 тамыз2014белгісізСерік АхметовМәсімов IIДенсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі (2014-2017)999pxТамара Дүйсенова6 тамыз201425 қаңтар2017белгісізМәсімов IIСағынтаевЕңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлері (2017 бері)1099pxТамара Дүйсенова25 қаңтар20179 ақпан2018белгісізСағынтаев1199pxМәдина Әбілқасымова9 ақпан201825 ақпан2019Нұр ОтанСағынтаев1299pxБердібек Сапарбаев25 ақпан201920 тамыз2019Нұр ОтанМамин I1399pxБіржан Нұрымбетов20 тамыз201918 қаңтар2021белгісізМамин IМамин II1499pxСерік Шәпкенов18 қаңтар20217 сәуір2022АманатМамин IIСмайылов I1599pxТамара Дүйсенова7 сәуір20222 қыркүйек2023белгісізСмайылов IСмайылов II1699pxСветлана Жақыпова2 қыркүйек202327 қаңтар2026АуылСмайылов IIБектенов I1799pxАсқарбек Ертаев27 қаңтар2026—Бектенов I
Дереккөздер
Е Санат:Еңбек министрліктері Санат:Әлеуметтік істер министрліктері