Мұзбасу фазасы - өзінше мұзбасу дамуының белгілі бір кезеңі. Бірнеше мұзбасу фазасы бөлінеді:
туындау — жекелеген Фирн қарының бірігуінен мұздық туындайды; бастапқы — қоректену еруден басым түсіп, мұздық үлғаяды; максимал — мұздық өзінің шектік таралуына жетеді; шегіну немесе дегляциация — еру қоректенуден басым түседі; ыдырау және толық жойылу — мұздық өзінің жылжуынан қалып, оқшауланған өлі мұз бөлікшелеріне ыдырайды.Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Геология/Жалпы редакциясын басқарған — түсіндірме сөздіктер топтамасын шығару жөніндегі ғылыми-баспа бағдарламасының ғылыми жетекшісі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты А.Қ.Құсайынов — Алматы: "Мектеп" баспасы Ж А Қ , 2003. — 248 бет. ӀSВN 5-7667-8188-1 ӀSВN 9965-16-512-2
Дереккөздер
Санат:Геология