Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі — Үкімет құрамына енетін орталық атқарушы орган. Министрлік заң жобалау жұмысын жүргiзу, заңнаманы жетiлдiру, халықаралық шарттарды құқықтық қамтамасыз ету, шетелдік құқықтық көмекті үйлестіру, сот-сараптама қызметі, мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыру, заң көмегін көрсету, құқықтық насихат, зияткерлік меншік құқықтарын қорғау, атқарушылық құжаттардың орындалуын қамтамасыз ету салаларында басшылықты жүзеге асырады.Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мәселелерi
Тарихы 1920 жылы ҚазАКСР Әділет халық комиссариаты ретінде құрылды. 1946 жылғы 28 наурызда Қазақ КСР Әділет министрлігі болып қайта аталды. 1960 жылғы 26 наурызда таратылып, 1970 жылғы 25 қыркүйекте қайта құрылды.Қазақстан Республикасының мемлекеттік мекемелері. Әлеуметтік-мәдени құрылысты басқару органдары, әкімшілік-саяси органдары және Қазақстан Республикасының құқықтық сот органдары (1937–1977), 2-т., З-б., Алматы, 1992, 143-145 6. 1992–2000 жылдардағы кезеңдегі мемлекеттік органдар туралы мәліметтер: қараңыз-Қазақстан Республикасының мемлекеттік билік органдары (1991 жылғы 16 желтоқсан – 2001 жылғы 1 қаңтар). Анықтамалық. ҚР ПМ. - Алматы: БҮ "Эдельвейс", 2004. 641-648 б. (Құрастырушылардың ескертпелері).
ҚР Үкіметінің 2001 жылғы 30 қаңтардағы қаулысымен"Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің кейбір мәселелері" ҚР Үкіметінің 2001 жылғы 30 қаңтардағы № 151 қаулысы (ҚР ПҮАЖ, 2001 № 4-5, 45-бап). министрліктің Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі комитеті құрылды.
ҚР Президентінің 2001 жылғы 22 қаңтардағы Жарлығына"Қазақстан Республикасында құқық қорғау қызметін жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" ҚР Президентінің 2001 жылғы 22 қаңтардағы № 536 Жарлығы (ҚР ПҮАЖ, 2001, № 1-2, 2-бап). сәйкес ҚР Үкіметінің 2001 жылғы 29 наурыздағы қаулысымен"Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Зияткерлік меншік құқығы комитетінің мәселелері" ҚР Үкіметінің 2001 жылғы 29 наурыздағы № 411 қаулысы (ҚР ПҮАЖ, 2001, № 12, 139-бап). министрліктің Зияткерлік меншік құқығы комитеті құрылды, оған таратылған Авторлық құқықтар жөніндегі комитетінің мүлкі мен істерін басқару жөніндегі функциялары мен өкілеттіктері берілді.
ҚР Президентінің 2001 жылы 22 қаңтардағы Жарлығына сәйкес ҚР Үкіметінің 2001 жылғы 14 сәуірдегі қаулысымен "Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Сот қаулыларын атқару жөніндегі комитетін таратудың кейбір мәселелері" ҚР Үкіметінің 2001 жылы 14 сәуірдегі № 494 қаулысы (ҚР ГТҮАЖ, 2001, № 14, 174-бап) министрліктің Сот қаулыларын атқару жөніндегі комитеті таратылып, атқарушы құжаттарды орындау жөніндегі функциялары мен өкілеттіктері, сондай-ақ штат сандары мен мүлкі ҚР Жоғарғы Соты жанындағы Сот әкімшілігі жөніндегі комитетіне және оның Астана, Алматы қалаларындағы әкімшіліктеріне берілді.
КР Үкіметінің 2001 жылғы 28 желтоқсандағы қаулысымен"Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйелері комитетінің мәселелері" ҚР Үкіметінің 2001 жылғы 28 желтоқсандағы № 1755 қаулысы (ҚР ПҮАЖ, 2001, № 49-50, 590-бап). министрліктің Қылмыстық-атқару жүйелері комитеті құрылды, оған таратылған ҚР Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйелері комитетінің мүлкін басқару жөніндегі функциялары мен өкілеттіктері берілді.
ҚР Президентінің 2003 жылғы 23 желтоқсандағы Жарлығымен"Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" ҚР Президентінің 2003 жылғы 23 желтоқсандағы № 1255 Жарлығы (Ағымдағы мұрағат). министрлік қайта ұйымдастырылды, есірткі құралдары, психотроптық заттар, прекурсорлар айналымы және олардың заңсыз айналымы мен оларды теріс пайдалануға қарсы іс-әрекеттер саласындағы функциялары мен өкілеттіктері ҚР Ішкі істер министрлігіне берілді.
ҚР Үкіметінің 2004 жылғы 3 наурыздағы қаулысымен"Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің кейбір мәселелері" ҚР Үкіметінің 2004 жылғы 3 наурыздағы № 260 қаулысы (ҚР ПҮАЖ, 2004, №11, 138-бап). министрліктің Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі комитеті таратылды. Осыған сәйкес, министрліктің негізгі міндеттерінен есірткі құралдары, психотроптық заттар, прекурсорлар айналымы қызметін мемлекеттік бақылауды жүзеге асыруға қатысты міндеттері алынып тасталынды.
ҚР Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы қаулысымен"Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мәселелері" ҚР Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1120 қаулысы (ҚР ПҮАЖ, 2004, № 41, 532-бап). министрлік туралы жаңа ереже бекітілді және министрліктің Халыққа құқықтық көмек және заңгерлік қызмет көрсетуді ұйымдастыру комитеті құрылды.
ҚР Үкіметінің 2005 жылғы 30 желтоқсандағы қаулысымен"Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Діни істер комитетінің мәселелері" ҚР Үкіметінің 2005 жылғы 30 желтоқсандағы № 1319 қаулысы (ҚР ПҮАЖ, 2005, № 50, 648-бап). ҚР Әділет министрлігінің Діни істер комитеті құрылды.Қазақстан Республикасының мемлекеттік билік органдары (2001–2005) Анықтамаламық: Екінші шығарылым./Қазақстан Республикасы Президентінің Мұрағаты. – Жауапты редактор: В.Н. Шепель; Алматы: “Эдельвейс” Баспа үйі: 2007. ISBN 9965-602-37-9
ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 28 наурыздағы N 300 Қаулысымен Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі комитеті мен Халыққа құқықтық көмек және заңгерлік қызмет көрсетуді ұйымдастыру комитеті біріктіріліп, Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитеті болып құрылды.Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің кейбір мәселелері туралы
ҚР Үкіметінің 2010 жылғы 31 наурыздағы N 252 Қаулысымен Әділет министрлігінің Діни істер комитеті Мәдениет министрлігінің Діни істер комитеті болып қайта аталды.Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің кейбір мәселелері туралы
ҚР Үкіметінің 2010 жылғы 30 қыркүйектегі № 1009 қаулысымен Әділет министрлігінің Сот актілерін орындау комитеті құрылды.Қазақстан Республикасында құқық қорғау қызметі мен сот жүйесінің тиімділігін арттыру жөніндегі кейбір шаралар туралы
Президенттің 2011 жылғы 26 шілдедегі № 129 Жарлығын іске асыру мақсатында ҚР Үкіметінің 2011 жылғы 2 тамыздағы № 900 қаулысымен Әділет министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті болып қайта аталды.Қазақстан Республикасының қылмыстық-атқару жүйесін одан әрі жетілдірудің кейбір мәселелері туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 14 тамыздағы № 933 қаулысымен Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы комитеті, Сот актілерін орындау комитеті мен Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитеті таратылды.Қазақстан Республикасы орталық атқарушы органдарының ведомстволары туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 15 шiлдедегi № 552 қаулысымен Әділет министрлігінің Зияткерлiк меншiк құқығы комитетi, Мәжбүрлеп орындату комитеті мен Тіркеу қызметі және заңгерлік қызметтер көрсетуді ұйымдастыру комитеті құрылды.Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің кейбір мәселелері туралы
Міндеттері Министрліктің негізгі міндеттеріне мыналар жатады: жалпымемлекеттік даму стратегиясын әзірлеу мен іске асыруға, үйлестіруге қатысу, сондай-ақ заң жобалау жұмысын жүргізу, Қазақстан Республикасының заңнамасын талдау, жетілдіру, жүйелеу, нормативтік құқықтық актілердің жобаларына заң сараптамасын жүргізу, заң жобалары бойынша ғылыми құқықтық және ғылыми лингвистикалық сараптамалар жүргізуді ұйымдастыру арқылы адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарының үстемдігін, Қазақстан Республикасының егемендігін, қазақстандық қоғам мен мемлекеттің орнықты және дәйекті дамуын қамтамасыз етуге бағытталған ұлттық заңнаманы қалыптастыруға қатысу; кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінде көзделген құжаттар бойынша реттеушілік әсерге талдау жүргізу; Қазақстанның ұлттық мүдделерін қорғау және әлемдік қоғамдастықта республиканың беделін нығайту мақсатында оның халықаралық аренадағы қызметін, оның ішінде Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын дайындау және жасасу арқылы құқықтық қамтамасыз ету; коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеуді, олардың филиалдары мен өкiлдiктерін есептiк тiркеуді, орталық мемлекеттiк органдар мен олардың ведомстволарының, жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдардың, сондай-ақ облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың әкімдері мен тексеру комиссияларының нормативтiк құқықтық актiлерiн мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыру, Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiн мемлекеттiк есепке алуды қамтамасыз ету; жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу, жылжымалы мүлiк кепiлiн тiркеу, жылжымайтын мүлiктi мемлекеттiк техникалық зерттеп-қарау және жылжымалы мүлiк кепiлiнiң тiзiлiмiн жүргiзу саласында мемлекеттiк саясатты iске асыру; мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыру, заң көмегін ұйымдастыру және көрсету, құқықтық насихат саласында мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру; сот-сараптама қызметі саласында мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру; зияткерлік қызмет құқықтарын қорғау және сақтау саласында мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру; әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша іс жүргізуді Қазақстан Республикасының заңына сәйкес жүзеге асыру; атқарушылық құжаттарды орындау саласында мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру.
Құрылымы Әділет министрлігінің 3 комитеті бар: Зияткерлiк меншiк құқығы комитетi Мәжбүрлеп орындату комитеті Тіркеу қызметі және заңгерлік қызметтер көрсетуді ұйымдастыру комитеті
Министрлік департаменттері Стратегиялық талдау және ұйымдастыру-талдау департаменті Заңнама департаменті Заңға тәуелді актілер департаменті Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу департаменті Мемлекеттік мүліктік құқығын қорғау жөніндегі департаменті Халықаралық құқық және ынтымақтастық департаменті Экономикалық интеграция бойынша жобаларды сараптау департаменті Экономика және қаржы департаменті Ішкі әкімшілік департаменті Кадр қызметі департаменті Ішкі бақылау басқармасы Мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі жұмысты ұйымдастыру басқармасы Ақпараттық ресурстарды қорғау және ақпараттандыру басқармасы Ішкі аудит департаменті
Қарамағындағы мекемелер Облыстық және Астана, Алматы, Шымкент қалалық әдiлет департаменттері «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК «Сот сараптамалары орталығы» РМҚК
Министрлер тізімі