Гипербазит — құрамында дала шпаттары жоқ немесе аз, кремнезем мөлшері өте аз (SiO2 < 45%), негізінен түсті минералдардан тұратын магмалық таужыныстардың жалпылама атауы. Оларды үш топқа бөлуге болады: 1) пироксениттер мен горнблендиттер; 2) перидотиттер; 3) оливиниттер мен дуниттер. Бұл топтардың әрбіреуі жекелеген таужыныстардың бірнеше түрлерін біріктіреді. Синонимдері: ультранегізді таужыныстар, ультрабазиттер; ультрамафиттер.Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Геология — Алматы: «Мектеп» баспасы, 2003.ӀSВN 5-7667-8188-1 ӀSВN 9965-16-512-2
Дереккөздер
Санат:Геология Санат:Гидрология Санат:Химия