Ультрамилонит — бастапқы тау жынысының бітімі мен құрылымы толық өзгерген, минерал түйірлері түгелдей уатылған милониттің түрі. Ультрамилониттің құрылымы афаниттік, ал бітімі параллельді болады. Ультрамилонит динамометаморфизм өте қарқынды жүргенде қалыптасады.Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Қ 17 Геология. А.Қ.Құсайышов — Алматы: "Мектеп" баспасы" ЖАҚ , 2003. — 248 бет. ӀSВN 5-7667-8188-1 ӀSВN 9965-16-512-2
Дереккөздер
Санат:Тау жыныстары