Орыс мекемесі (Русский офис; rassion offic) — ресейлік "Арсенал" компаниясы шығарған және Windows ортасында жұмыс істейтін мекемелік десте. Десте құрамына қуатты мәтіндік процессор "Лексикон", электрондық аудармашы "Сократ", қаражаттық есеп-қисаптарға арналған программа және т.б. кіреді. Десте сапасы Windows-тың көптеген әмбебап қосымшаларынан кем түспейді, алайда көптеген пайдаланушылар өздерінің интеллектілік өнімін үйлестіру мақсатында Ресейде іс жүзінде стандартқа айналған Microsoft-тың өнімін пайдалануды ұнатады.
Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Информатика және компьютерлік техника / Жалпы редакциясын басқарған – түсіндірме сөздіктер топтамасын шығару жөніндегі ғылыми-баспа бағдарламасының ғылыми жетекшісі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты А. Қ. Құсайынов. – Алматы: «Мектеп» баспасы» ЖАҚ, 2002 жыл. – 456 бет. ISBN 5-7667-8284-5 Дереккөздер
Сыртқы сілтеме Сайт «Арсеналъ» (кодировка windows-1251)</small> в Архиве Интернета
Санат:Ақпараттану Санат:Компьютерлік техника