Мұғалжар ауданы – Ақтөбе облысындағы аудан. Орталығы - Қандыағаш қаласы.

Тарихы 1928 жылдың қаңтар айында Темір ауданы болып құрылды. 1932 жылғы 20 ақпанда 17 ауданнан тұратын Ақтөбе облысы құрылды, оның құрамына Темір ауданы кірді.

1935 жылы 29 желтоқсанда Темір ауданының солтүстік-шығыс бөлігінде Жұрын ауданы құрылды.

1962 жылы 12 желтоқсанда облыста 7 ауыл шаруашылығы ауданы мен бір Қандыағаш өнеркәсіптік ауданы құрылып, 1965 жылы таратылды.

Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1966 жылғы 31 қаңтардағы Жарлығымен Темір ауданы Қандыағаш ауданы болып аталды, ал 1967 жылғы 11 қаңтарда Қандыағаш ауданының Қандыағаш кенті аудандық маңыздағы қала санатына енгізіліп, Октябрьск атауы берілді, ал ауданның өзі Октябрь ауданы болып өзгертілді.

1972 жылғы 10 наурызда Октябрь ауданынан Темір ауданы бөлініп шықты.

1997 жылғы 17 маусымда Октябрь ауданына таратылған Мұғалжар ауданы қосылып, біріктірілген аудан Мұғалжар ауданы болып аталды.Мұғалжар аудандық соттың тарихы Октябрьск қаласына бұрынғы Қандыағаш атауы қайтарылды.

Мұғалжар ауданы (1966-1997) Мұғалжар ауданы 1966 жылы 31 желтоқсанда Темір (қазіргі Мұғалжар) ауданының оңтүстік бөлігінен құрылды. Орталығы Ембі кенті болды. 1967 жылы Ембі кентіне қала мәртебесі берілді. 1986 жылы ауданда Ембі қаласы мен 8 ауылдық кеңес (Алтынды, Бақтыөзен, Егіндібұлақ, Еңбекші, Қайыңды, Құмжарған, Мұғалжар, Орқаш) болды.Қазақ КСР. 1986 жылғы 1 қаңтарға әкімшілік-аумақтық бөлінісі

1970 1979 1989Ресей империясы, КСРО халық санақтары 39186 27266 29934 1997 жылы 17 маусымда аудан таратылып, аумағы Октябрь ауданына берілді.Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қызылорда және Қостанай облыстарының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысындағы өзгерiстер туралы

Географиялық орны Аудан Ақтөбе облысының орталық бөлігінде орналасқан, солтүстігінде Алға және Хромтау аудандарымен, оңтүстігінде Байғанин және Шалқар аудандарымен, батысында Темір, шығысында Әйтеке би аудандарымен шектеседі.

Әкімшілік бөлінісі

Аудандағы 37 елді мекен 3 қалалық әкімдік пен 12 ауылдық округке біріктірілген: Әкімшілік бірлік Орталығы Елді мекендері Халқы (2021) Ақкемер ауылдық округі Ақкемер ауылы 5 2753 Ащысай ауылдық округі Ащысай ауылы 3 591 Батпақкөл ауылдық округі Жағабұлақ ауылы 5 2519 Егіндібұлақ ауылдық округі Бұлақты ауылы 2 418 Ембі қалалық әкімдігі Ембі қаласы 1 12783 Еңбек ауылдық округі Сағашилі ауылы 4 2576 Жем қалалық әкімдігі Жем қаласы 1 1355 Жұрын ауылдық округі Жұрын ауылы 4 1353 Қайыңды ауылдық округі Қайыңды ауылы 2 1186 Қандыағаш қалалық әкімдігі Қандыағаш қаласы 1 34898 Құдайберген Жұбанов ауылдық округі Қаракөл ауылы 2 641 Құмжарған ауылдық округі Бірлік ауылы 3 967 Құмсай ауылдық округі Құмсай ауылы 1 577 Мұғалжар ауылдық округі Мұғалжар ауылы 1 1623 Талдысай ауылдық округі Талдысай ауылы2 751

Ірі елді мекендері Атауы Статусы Халқы (2021) Қандыағаш қала 34898 Ембі қала 12783 Мұғалжар ауыл 1615 Жем қала 1355 Ақкемер ауыл 1767 Сағашилі ауыл 1684 Жағабұлақ ауыл 1284 Жұрын ауыл 1188 Бірлік ауыл 721 Қайыңды ауыл 670 Басшилі ауыл 626 Құмсай ауыл 577 Талдысай ауыл 518 Алтынды ауыл 516 Қаракөл ауыл 506

Халқы 1939 1959 1970 1979 1989Ресей империясы, КСРО халық санақтары 1999 2009ҚР халық санақтары 2021 23251 22914 41457 26654 40994 63812 62115 67326 Тұрғындар саны 67416 адам (2019). Ұлттық құрамы: қазақтар (92,13%), орыстар (5,41%), украиндар (0,83%), немістер (0,19%), татарлар (0,59%), басқалары (0,85%).

Экономикасы Аудан аумағымен “Бұқара-Орал”, “Жаңажол-Ақтөбе” газ құбырлары өтуде. Алыс және жақын шетелдердің 10-ға жуық ірі компанияларының жұмыс істеуі ауданның сауда-экономикалық қызметінің қанат жаюына мүмкіндік беруде. Кәсіпорындардың өнім өндіру көлемі артты, шетелдік өнімдерді алмастыратын өндірістер даму үстінде. Соның нәтижесінде өнеркәсіп секторында өнім өндіру көлемі 287,4 миллиард теңгені құрады, яғни алдыңғы жылға қарағанда 104 пайызға өсті. Оның ішінде мұнай өндіру 8 991,3 мың тоннаға, газ өндіру 3 млрд. 798 млн. текше метрге жетті.

Республикамыздағы таңдаулы 30 серпінді жобаның алтауы Ақтөбе облысының еншісінде болса, соның бірі – Мұғалжар ауданының аумағында. Ол – “СНПС-Ақтөбемұнайгаз” АҚ-тың үшінші Жаңажол газ өңдеу зауытының құрылысы. Бұл көлемді жобаның жалпы құны 800 миллион АҚШ долларын құрайды. Зауыт толық қуатындағы жұмысқа 2010 жылы қосылады. Тұрғындарының орташа айлық жалақысы 53 мың теңгені құрайды.

Ауыл шаруашылығы Аудан экономикасының дамуына ауыл шаруашылығының да қосып отырған үлесі зор. Мәселен, есепті кезең ішінде 2 млрд. 594 млн. теңгенің өнімі өндірілсе, ол 2006 жылғыға қарағанда 18,6 пайызға артық. Оның ішінде мал шаруашылығы өнімінің үлесі 2 млрд. 84 млн. теңгені құрайды. Ауданның мал шаруашылығының бағыты – етті сиыр, қой және асыл тұқымды жылқы. Мал басы жылдан-жылға өз төлі есебінен көбеюде. Мал шаруашылығының өркендеуіне байланысты ет, сүт, жұмыртқа, жүн өн­діру де алдыңғы жылға қарағанда едәуір артты.

Ауданда егін шаруашылығы да қатар дамуда. Қазір бұрынғыдай емес, жерді ұқыпты пайдалануға, оның құнарлылығын арттыруға, яғни агротехникалық талаптардың сақталуына көңіл бөлінуде. Диқандарды қолдау үшін көктемгі жұмыстар үшін Үкімет тарапынан арзандатылған бағамен 366,3 тонна жанар-жағармай және 719 тонна тұқым бөлінді. Облыстық бюджеттен тұқым, жанар-жағармай үшін 26 млн. 700 мың теңге қаралған.

Өткен жылы мектепке дейінгі мекемелер Бірлік, Қаракөл ауылдарында, Ембі қаласында ашылған балабақшалармен толыққан. Сондай-ақ Жем қаласындағы “Бал­бөбек” балабақшасы 3 есеге кеңейтіліп, 120 орындық болды.

Денсаулық сақтау саласы

Aуданда 3 аурухана, 1 емхана, 13 ауылдық дәрігерлік амбулатория және 24 медициналық пункт тұрғындарға қызмет етуде. Медициналық мекемелердің материалдық-техникалық базаларын жақсартуда, оларды жаңа аппаратуралармен, құрал-жабдықтармен қамтамасыз етуде біршама жұмыстар жасалды. Өткен жылы Көктөбе және Жаңатұрмыс ауылдарында медициналық пункттер салынып, пай­далануға берілді.“Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9

Дереккөздер

Санат:Мұғалжар ауданы