Антон Павлович Чехов (29 қаңтар 1860 жыл, Таганрог, Екатеринослав губерниясы – 15 шілде 1904 жыл, Баденвайлер, Герман империясы) — орыс жазушысы, әңгімелер, повестер, пьесалар авторы, драматург, әлемдегі ең ұлы жазушылардың бірі деп танылған. Әлем драматургиясының классикасы болған төрт шығарма жазған.

Ол қысқа мысалдар жазушысы ретінде әдебиетте танымалы. Чехов драматург ретінде де көптеген пьесалар жазған.

Шығармалары Қысқа мысқыл әңгімелері мен повестері: "Дала" "Көңілсіз оқиға" "Дуэль" "№6 палата" "Бейтаныс адамның әңгімесі" "Еркектер" "Мұқабадағы адам" "Шұңқырда" "Балалар" "Аңшылықтағы драма" "Жылқы аты-тегі" "Семіз бен арық" "Крыжовник"

пьесалар: "Иванов" "Шұғыла" "Ваня аға" "Үш апалы-сіңлі" "Шие саябақ"Ілияс Жансүгіров: Энциклопедия. Алматы . «Кітап» баспасы 2019. 76-бет.

Қызықты деректер Чеховтың балалық шағы өзгеше өткен. Басқа балалардай көшеде ойын қуып, қыдырудың орнына ол таңғы бестен түнгі он бірге дейін бауырларымен бірге әкесінің дүңгіршегінде жұмыс істеген. Жұмыс істеп жүріп, гимназияда білім алып және цирк хорында ән салып та үлгерген. Әкесі отбасы мүшелеріне қатал болғандықтан, Чеховқа тігіншілік өнерін меңгеруге тура келеді. Осылайша жазушының балалық шағы да, жастық шағы да өте ауыр өтеді. Антон Чеховтың атасы қарапайым крепостық жұмысшы болады. Алайда асқан даналығымен өзінің жанұясын зорлап, күштеп ұстағандардан азат етіп алады. Кейбір деректерде Чеховтың бойы кішкентай болған деп қате айтылған. Шын мәнінде оның бойы демалыс билетінде 180 см деп көрсетілген. 1890 жылы жазушы Оңтүстік Сахалин аралдарында болып, барлық ауылдарды аралайды. Ал сол жылдары аралда жаңа қоныс аударушылар мен қылмыскерлер көп болатын. Сондай ауылдардың бірінде ол Сонька деген лақап атпен жақсы таныс әйгілі ұрлықшы Софья Блюфштейнді кездестіреді. Ол зергерлік бұйымдарды ұрлағаны үшін Сахалин аралдарында қылмыстық жазасын өтеген. Сахалин аралдарынан кейін ол Батыс Еуропаға саяхаттаған. Антон Чеховтың әулеті өздерінің тектерін ата-бабалары чехтердің арқасында алып жүрміз деп есептеген. Чехов өзінің шығармаларын бүркеншек ат арқылы жариялағанды жақсы көрген. Оның 50-ге жуық бүркеншек аты болған. Соның ішінде ең танымалы Антоше Чехонте болған. Жазушы Тагонрог қаласында дүниеге келген. Бірде Чехов Парижде жүріп, Антокольскийдің мүсіндерін көреді. Кейінірек жазушы одан туған қаласына I Петрдің ескерткішін салып беруді өтінеді. Сөйтіп 1893 жылы Тагонрогта ескерткіш салынады. Ол пошта маркаларынан коллекция жинауды ұнатқан. Чеховтың өміріндегі қызықты оқиғалар иттермен байланысты. Ол өзінің иттерімен сырлас, мұңдас, жолдас болған. Қайда барса да қасынан тастамай алып жүрген А.П. Чеховтың өмірдерегі

Дереккөздер

Сілтемелер Антон Чехов Әдебиет порталы сайтында

Санат:29 қаңтарда туғандар Санат:1860 жылы туғандар Санат:Таганрогта туғандар Санат:15 шілдеде қайтыс болғандар Санат:1904 жылы қайтыс болғандар Санат:Баденвайлерде қайтыс болғандар Санат:Ресей жазушылары Санат:XIX ғасыр жазушылары Санат:XIX ғасыр драматургтері Санат:XX ғасыр жазушылары Санат:XX ғасыр драматургтері Санат:Ресей драматургтері Санат:Новеллашылар Санат:Байкал зерттеушілері Санат:Сібір зерттеушілері Санат:Азия зерттеушілері Санат:Туберкулёзден қайтыс болғандар