Кеңгірбай би мазары – Абай облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің тізіміне енген сәулет өнері ескерткіші.

Орналасқан жері Абай ауданының орталығы Қарауыл ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 33 км жерде, Жидебай қорығында, Шидің бойындағы биік төбе басында орналасқан.

Деректер Кеңгірбай би Жандосұлы — Арғын, Тобықты руының атақты биі, көреген ел басшысы. Оның есімі ел ішінде құрметке ие болып, халықтың ұранына айналған. 1735 жылы қазіргі Оңтүстік Қазақстан аумағындағы Кеңгір өзені бойында дүниеге келген. Ұзақ жылдар бойы ел басқару ісіне араласып, әділдігімен және кемеңгерлігімен танылған. Тобықтының атақты биі әрі елбасы Кеңгірбай Жандосұлының өсиеті бойынша 1825 жылы Ши бойындағы өзі көрсеткен төбе басына Кеңгірбай би жерленген. Жидебайдан 5-6 шақырым қашықтықтағы Кеңгірбай бейіті басында Абай Құнанбайұлы сан рет болып, әруақты бидің өнегелі өмір жолына салиқалы баға беріп, Байкөкше ақынға «Кеңгірбай би» дастанын жазуға кеңес берген.Абай. Энциклопедия. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясының» Бас редакциясы, «Атамұра» баспасы, ISBN 5-7667-2949-9

Мазар сәулеті Мазар жоспары бойынша дөңгелек пішінді болып, күмбезбен көмкерілген. Күмбездің сыртқы жоғарғы бөлігі сәл сатылы болып келгенімен, бұл ерекшелік оның ішкі жағынан байқалмайды. Күмбездің ішкі көрінісі параболлаға жақын пішінде орындалған.

Дереккөздер

Санат:Абай облысы Санат:Абай облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері Санат:Абай энциклопедиясы