Қазақстан Республикасының Сот әкімшілігі — соттардың қызметін ұйымдастырушылық-құқықтық, ақпараттық-талдамалық және материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз етуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган.
Тарихы ҚР Президентінің 2000 жылғы 1 қыркүйектегі № 440 Жарлығымен ҚР Жоғарғы Сотының жанынан Сот әкімшілігі комитеті құрылды. Оған дейін соттардың қызметін қамтамасыз ету міндеті Әділет министрлігінің құзыретіне кірді. Комитет төрағасын Жоғарғы Сот төрағасының ұсынуымен Президент қызметке тағайындады.
Президенттің 2001 жылғы 22 қаңтардағы № 536 Жарлығымен Әділет министрлігінің Сот қаулыларын атқару комитеті таратылып, Жоғарғы Сот жанындағы Сот әкімшілігі комитетіне қосылды.
Президенттің 2010 жылғы 22 қыркүйектегі № 1066 Жарлығымен комитет ҚР Жоғарғы Соты жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті (ҚР Жоғарғы Соты аппараты) ҚР Әділет министрлігінің Сот актілерін орындау комитеті болып екіге бөлінді. Департамент басшысын Президент әкімшілігінің басшысы және Жоғары сот кеңесінің келісімімен Жоғарғы Сот төрағасы тағайындады. ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 14 тамыздағы № 933 қаулысымен Әділет министрлігінің Сот актілерін орындау комитеті таратылды.
Президенттің 2022 жылғы 8 қыркүйектегі № 1002 Жарлығымен ҚР Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті ҚР Сот әкімшілігі болып қайта құрылды. Сот әкімшілігінің басшысын Жоғарғы Сот Төрағасының ұсынуымен және Жоғары Сот Кеңесімен келісу бойынша Президент лауазымға тағайындайды.
Міндеттері Сот әкімшілігі саласында мемлекеттік саясатты қалыптастыру Сот төрелігін тәуелсіз жүзеге асыру үшін қажетті әрі жеткілікті жағдайлар жасау Сот жүйесін және соттардың қызметін жетілдіруге бағытталған жүйелі реформаларды әзірлеуҚазақстан Республикасы Сот әкімшілігінің кейбір мәселелері туралы
Құрылымы Орталық аппарат Жоғарғы сот төрағасының хатшылығы Азаматтық істер жөніндегі сот алқасының хатшылығы Әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының хатшылығы Қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының хатшылығы Сот әкімшілігі басшысының хатшылығы Ақпараттық қауіпсіздік бөлімі Баспасөз қызметі Жалпы бөлім Жергілікті соттардың жұмысын үйлестіру бөлімі Қаржы бөлімі Құқықтық бөлім Мемлекеттік құпияларды қорғау және жұмылдыру жұмысы бөлімі Мемлекеттік тілді дамыту бөлімі Персоналды басқару бөлімі (Кадр қызметі) Сот төрелігі сапасының мониторингі бөлімі Соттардың инфрақұрылымын дамыту бөлімі Стратегиялық даму және ақпараттық-талдамалық жұмыс бөлімі Халықаралық байланыстар бөлімі Цифрландыру бөлімі Ішкі аудит бөлімі Iшкі қауіпсіздік бөліміСот әкімшілігі. Бөлімшелер
Аумақтық бөлімшелері Сот әкімшілігінің облыстар мен Алматы, Астана, Шымкент қалалары бойынша департаменттері Сот әкімшілігінің әскери сотының департаменті Сот әкімшілігінің кассациялық соттар департаменті
Басшылары Жоғарғы Сот жанындағы Сот әкімшілігі комитеті Рашид Түсіпбеков (2000) Серік Байбатыров (2001—2002) Владимир Борисов (2002—2004) Зейнолла Мақашев (2004—2007) Бақытжан Әбдірайым (2007) Ирак Елекеев (2008—2009) Георгий Ким (2009—2010)
Жоғарғы Сот жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті (Жоғарғы Сот аппараты) Жазбек Әбдиев (2010—2011) Бауыржан Жұмағұлов (2011—2012) Марат Жұмағұлов (2012—2013) Ілияс Іспанов (2013—2016) Абай Тоқсаба (2016—2017) Нұрсерік Шәріпов (2017—2018) Наиль Ахметзакиров (2019—2023)
Сот әкімшілігі Наиль Ахметзакиров (2023 жылғы 23 қаңтардан бері)
Дереккөздер
Санат:Қазақстандағы сот жүйесі