Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі — үкімет құрамына енетін, Қазақстан ішкі істер органдары жүйесін басқаратын, Қазақстан аумағындағы қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті сақтау мақсатындағы салааралық іс-қимылдарды реттейтін, құқық қорғау аясындағы мемлекеттік саясатты жасау және іске асыруға жауапты министрлік.

Тарихы 1920 жылдың қазанында Қазақ КСР Ішкі істер халық комиссариаты (ІІХК) ретінде құрылды,Қазақ КСР Мемлекеттік мекемелері. Әлеуметтік-мәдени құрылыс басқармасының органдары, әкімшілік-саяси органдар мен Қазақ АКСР әділ сот органдары (1920— 1936 жжылдың, Алматы, 1984, 81-6.) 1946 жылдан Қазақ КСР Ішкі істер министрлігі деп аталды.1992–2000 жылдары кезеңдегі мемлекеттік органдар туралы мәліметтер: Қазақстан Республикасының мемлекеттік билік органдары (1991 жылдың 16 желтоқсан - 2001 жылдың 1 қаңтар). Анықтамалық. ҚАЗАҚСТАН ПМ. — Алматы: БҮ "Эдельвейс", 2004. 612-617 б. (Құрастырушылардың ескертпелері).

1996 жылы 3 қаңтарда Ішкі істер министрлігінің Мемлекеттік автомобиль инспекциясы (МАИ) Жол полициясы болып өзгертілді.

1998 жылғы 9 желтоқсандағы №307 Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан милициясы "полиция" болып өзгертілді.

Үкіметтің 2001 жылдың 8 маусымындағы қаулысымен"Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі Жол полициясы комитетінің мәселелері" ҚАЗАҚСТАН Үкіметінің 2001 жылдың 8 маусымдағы № 777 қаулысы (ҚАЗАҚСТАН ПҮАЖ, 2001 № 21, 262-бап). министрліктің Жол полициясы комитеті құрылды.

Қазақстан үкіметінің 2001 жылғы 28 желтоқсандағы қаулысымен"Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйелері комитетінің мәселелері" ҚАЗАҚСТАН Үкіметінің 2001 жылдың 28 желтоқсандағы № 1755 қаулысы (ҚАЗАҚСТАН ПҮАЖ, 2001, № 49-50, 590-бап). Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті Әділет министрлігінің құрамына берілді.

Қазақстан үкіметінің 2002 жылдың 22 мамырынағы қаулысымен"Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің жекелеген мәселелері" ҚАЗАҚСТАН Үкіметінің 2002 жылдың 22 мамырдағы № 554 қаулысы (ҚАЗАҚСТАН ПҮАЖ, 2002, № 14, 151-бап). министрліктің Тыл департаменті таратылды.

Қазақстан президентінің 2002 жылдың 28 тамызындағы Жарлығына"Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру шаралары туралы" ҚАЗАҚСТАН Президентінің 2002 жылдың 28 тамыздағы № 931 Жарлығы (ҚАЗАҚСТАН ПҮАЖ, 2002, № 28, 307-бап). сәйкес Үкіметтің 2002 жылдың 26 қыркүйегіндегі қаулысымен"Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі Ішкі әскер комитетінің мәселелері" ҚАЗАҚСТАН Үкіметінің 2002 жылдың 26 қыркүйектегі № 1057 қаулысы (ҚАЗАҚСТАН ПҮАЖ, 2002 № 32, 344-бап). министрліктің Ішкі әскерлер қолбасшысының бас басқармасы министрліктің Ішкі әскерлер комитеті болып қайта ұйымдастырылды.

Президенттің 2002 жылғы 28 тамыздағы Жарлығына сәйкес Үкіметтің 2002 жылғы 11 қазандағы қаулысымен"Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі Жол полициясы комитетін тарату туралы" ҚАЗАҚСТАН Үкіметінің 2002 жылдың 11 қазандағы № 1116 қаулысы (ҚАЗАҚСТАН ПҮАЖ, 2002 № 34, 368-бап). министрліктің Жол полициясы комитеті таратылды, оның мүлкін басқару жөніндегі функциялары мен өкілеттіктері министрлікке берілді.

Президенттің 2003 жылдың 23 желтоқсанындағы Жарлығымен"Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" ҚАЗАҚСТАН Президентінің 2003 жылдың 23 желтоқсандағы №366 Жарлығы (Ағымдағы мұрағат). экономикалық және сыбайлас қылмыстарды анықтау және тергеу функциялары Экономикалық және сыбайлас қылмыстармен күрес жөніндегі агенттігіне (Қаржы полициясы) берілді; қылмыс жасады деп күдіктенген және айыпталған адамдарды ұстау және тергеу изоляторында жазасын өткеретін сотталғандарға қатысты қылмыстық жазаларды атқару, сондай-ақ құжаттау және Қазақстан азаматтарына жеке куәлігі мен паспортын беру функциялары Әділет министрлігіне берілді. Әділет министрлігі есірткі айналымы мен оның заңсыз айналымына қарсы іс-әрекет ету саласындағы функциялары Ішкі істер министрлігіне берілді.

Қазақстан Президентінің 2003 жылғы 23 желтоқсандағы Жарлығына сәйкес Үкіметтің 2004 жылдың 3 наурызындағы қаулысымен"Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің кейбір мәселелері" ҚАЗАҚСТАН Үкіметінің 2004 жылдың 3 наурыздағы № 261 қаулысы (ҚАЗАҚСТАН ПҮАЖ, 2004, № 11, 139-бап). министрліктің Есірткі бизнесімен күрес және есірткілердің айналымын бақылау жөніндегі комитеті құрылды.

Үкіметтің 2005 жылғы 4 мамырдағы № 423 Қаулысымен Iшкi iстер министрлiгiнiң аумақтық органдары Iшкi iстер министрлiгiнiң Астана, Алматы қалаларының, облыстардың және көлiктегi iшкi iстер департаменттерi болып қайта аталды.https://adilet.zan.kz/kaz/docs/P050000423_ Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлігінiң аумақтық органдары - мемлекеттiк мекемелерiн қайта атау туралы

ҚР Үкіметінің 2006 жылғы 21 сәуірдегі № 313 Қаулысымен Iшкi iстер министрлiгiнiң Тергеу комитетi, Криминалдық полиция комитетi, Әкiмшiлiк полиция комитетi және Жол полициясы комитетi құрылды.Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң кейбiр мәселелерi туралы

ҚР Президентінің 2010 жылғы 17 тамыздағы № 1039 Жарлығымен: қоғамдық тәртіпті бұзушыларды медициналық айықтырғыштарға жеткізу функцияларын қоспағанда, медициналық айықтырғыштардың қызметіне байланысты функциялары Денсаулық сақтау министрлігінің қарамағына; кәмелетке толмағандарды уақытша оқшаулау, бейімдеу және оңалту орталықтарының қызметі функциялары Білім және ғылым министрлігінің қарамағына; Ішкі істер министрлігінде мемлекеттік техникалық тексеруден уақытылы өтуді бақылау функциясын сақтай отырып, көлік құралдарына мемлекеттік техникалық тексерудің жүргізілуін бақылау өкілеттіктері Көлік және коммуникация министрлігіне, көрсетілген техникалық тексеру жүргізу жөніндегі функциялары бәсекелі ортаға; аса маңызды стратегиялық объектілерді күзету функцияларын қоспағанда, күзет қызметі функциялары бәсекелі ортаға берілді.

ҚР Үкіметінің 2010 жылғы 30 қыркүйектегі № 1009 қаулысымен Ішкі істер министрлігінің Көші-қон полициясы комитеті құрылды.Қазақстан Республикасында құқық қорғау қызметі мен сот жүйесінің тиімділігін арттыру жөніндегі кейбір шаралар туралы

ҚР Үкіметінің 2011 жылғы 30 маусымдағы N 736 Қаулысымен Қазақстан азаматтарын құжаттандыруды, сәйкестендіру нөмірлері бар жеке куәліктер мен паспорттар дайындауды және беруді, азаматтарды есепке алу мен тіркеуді жүзеге асыру Әділет министрлігінен Ішкі істер министрлігіне қайтарылды.

Президенттің 2011 жылғы 26 шілдедегі № 129 Жарлығын іске асыру мақсатында ҚР Үкіметінің 2011 жылғы 2 тамыздағы № 900 қаулысымен Әділет министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті Ішкі істер министрлігіне кері қайтарылды.Қазақстан Республикасының қылмыстық-атқару жүйесін одан әрі жетілдірудің кейбір мәселелері туралы

ҚР Президентінің 2013 жылғы 16 қаңтардағы № 466 Жарлығымен Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне Ішкі істер министрлігінің заңсыз көші-қонға қарсы іс-қимыл, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды есепке алу мен тіркеу, олардың уақытша және тұрақты тұру, елден тұрақты тұрғылықты жерге кету құжаттарын ресімдеу, азаматтарды құжаттандыру, есепке алу және тіркеу, сондай-ақ босқындар мәселелері бойынша өкілеттіктерін қоспағанда, халықтың көші-қоны саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру функциялары берілді.

ҚР Үкіметінің 2013 жылғы 14 наурыздағы № 245 қаулысымен Ішкі істер министрлігінің Көші-қон полициясы комитеті таратылды.Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің кейбір мәселелері туралы

ҚР Үкіметінің 2013 жылғы 26 тамыздағы № 855 қаулысымен Ішкі істер министрлігінің Жол полициясы комитеті Әкімшілік полиция комитетіне қосылды.Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің кейбір мәселелері Ішкі істер министрінің бұйрығымен 2013 жылғы 1 қарашадан бастап Жол полициясы Әкімшілік полициямен бірікті.День дорожной полиции Казахстана

ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 14 тамыздағы № 933 қаулысымен таратылған ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің негізінде Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті құрылды. Ішкі істер министрлігінің Ішкі әскерлер комитеті ҚР Ұлттық ұланының Бас қолбасшылығы болып қайта аталды. Министрліктің Есірткі бизнесіне қарсы күрес және есірткі айналымын бақылау комитеті, Криминалдық полиция комитеті және Тергеу комитеті таратылды.Қазақстан Республикасы орталық атқарушы органдарының ведомстволары туралы

ҚР Үкіметінің 2017 жылғы 6 наурыздағы № 110 қаулысымен Ішкі істер министрлігінің Көші-қон қызметі комитеті құрылды.Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің кейбір мәселелері туралы

Үкіметтің 2018 жылғы 16 қазандағы № 637 қаулысымен Ішкі істер министрлігінің қарамағындағы аумақтық органдар - Ішкі істер департаменттері, ішкі істер басқармалары, ішкі істер бөлімдері, Көліктегі ішкі істер департаменті мен ішкі істер желілік бөлімдері сәйкесінше Полиция департаменті, полиция басқармасы, полиция бөлімі, Көліктегі полиция департаменті және желілік полиция бөлімі болып қайта аталды.Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің кейбір мәселелері

Президенттің 2020 жылғы 9 қыркүйектегі № 408 Жарлығымен Төтенше жағдайлар министрлігінің құрылуына байланысты ҚР Үкіметінің 2020 жылғы 20 қазандағы № 680 қаулысымен Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті таратылды.Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің ведомстволары туралы

ҚР Үкіметінің 2024 жылғы 11 қыркүйектегі № 735 қаулысымен Ішкі істер министрлігінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті құрылды.

Басшылығы Министр — Ержан Сәденов. Министрдің бірінші орынбасары — Бауыржан Әленов. Министр орынбасары — Санжар Әділов. Министр орынбасары — Игорь Лепеха. Министр орынбасары — Айдар Сайтбеков. Министр орынбасары — Сәкен Сәрсенов. Министр орынбасары — Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы — Аңсаған Балтабеков. Министр орынбасары — Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің төрағасы — Абай Қайырбеков. Аппарат басшысы — Оңал Бекеев.

Міндеттері Ішкі істер органдарына Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүктелген міндеттер: құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау, зерделеу, жою қоғамдық тәртіпті сақтау жол жүрісін және оның қауіпсіздігін қамтамасыз етуді мемлекеттік бақылау азаматтық және қызметтік қару мен оның патрондарының айналымын мемлекеттік бақылау күзет қызметі саласын мемлекеттік бақылау мемлекеттік күзетілуге жататын жеке тұлғалар мен объектілерді күзету террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуының жай-күйін бақылау азаматтық және халықтың көші-қоны саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру Қазақстан Республикасы ратификациялаған реадмиссия туралы халықаралық шарттардан туындайтын міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету құзыреті шегінде халықтың көші-қоны саласын мемлекеттік бақылау жеке басты куәландыратын құжаттарды дайындауды, сондай-ақ Жеке сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімін жүргізу лицензия және рұқсат беру қызметін жүзеге асыру әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша іс жүргізу қылмыстық құқық бұзушылықтарды ашу және тексеру жедел-iздестiру қызметiн және жасырын тергеу әрекеттерін жүзеге асыру зерттеулерді жүзеге асыру іздестіруді жүзеге асыру есірткі, психотроптық заттар, прекурсорлар айналымы саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру және олардың заңсыз айналымына және оларды теріс пайдалануға қарсы іс-қимылды жүзеге асыру қылмыстық процеске қатысушы адамдарды мемлекеттік қорғау қылмыстық-атқару қызметі саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру, адамдарды ішкі істер органдарының арнаулы мекемелерінде ұстау мемлекеттік қызметтер көрсету халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру2014 жылғы 23 сәуірдегі № 199-V ҚРЗ "Қазақстан Республикасының iшкi iстер органдары туралы" Қазақстан Республикасының Заңы

Құрылымы Министрлік комитеттері Ұлттық ұлан Бас қолбасшылығы Әкімшілік полиция комитеті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті Көші-қон қызмет комитеті Күзет қызметін бақылау комитеті Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті Профилактикалық жұмысты үйлестіру комитеті

Министрлік департаменттері Өзіндік қауіпсіздік департаменті Криминалдық полиция департаменті