Мәтіндік режім (текстовый режим; text mode) — 1) "мәтін басы" сигналын қабылдаудан бастап "жеткізудің соңы" сигналы байланыс арнасын басқару режіміне ауыстырғанға дейінгі уақыт үзіндісіндегі байланыс арнасының жұмыс режімі; 2) экранға тек мәтіндік мәліметтер ғана шығатын дисплей режімі. Бұл режімде бейне буфері (video buffer) символдар коды мен атрибуттік байттарды ғана сақтайды да, экранға график, сурет, схемаларды шығармайды.
Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі:Информатика және компьютерлік техника/ Жалпы редакциясын басқарған – түсіндірме сөздіктер топтамасын шығару жөніндегі ғылыми-баспа бағдаламасының ғылыми жетекшісі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты А.Қ.Құсайынов. – Алматы: «Мектеп» баспасы» ЖАҚ, 2002. – 456 бет. ISBN 5-7667-8284-5 Дереккөздер
Санат:Ақпараттану Санат:Компьютерлік техника