Бабаш Исмайылов (1926 - 1985)- қарақалпақ ақыны, аудармашы, әдебиет зерттеуші. Филология ғылымдарының кандидаты. Қарақалпақстан, Өзбекстан республикасы мәдениетіне еңбегі сіңірген қайраткер.
Жиырмадан аса өлеңдер жинағы жарық көрген. «Жасымда ғылым бар деп ескермедім...», «Интернатта оқып жүр...», «Ғылым таппай мақтанба...», «Өлең-сөздің патшасы, сөз сарасы...», «Сегіз аяқ», «Бір сұлу қыз тұрыпты хан қолында...», «Желсіз түнде жарық ай...», «Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат...» өлеңдерін тұңғыш рет қарақалпақ тіліне аударып, 1955 ж. жарық көрген 9 класқа арналған «Қарақалпақ әдебиеті» оқулығында жариялады.Абай. Энциклопедия. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясының» Бас редакциясы, «Атамұра» баспасы, ISBN 5-7667-2949-9
Дереккөздер
Санат:1926 жылы туғандар Санат:1985 жылы қайтыс болғандар Санат:Қарақалпақ ақындары Санат:Қарақалпақ әдебиетін зерттеушілер Санат:Өзбекстан филологтары Санат:Өзбекстан ғалымдары Санат:Өзбекстан мәдениет қайраткерлері Санат:Абай Құнанбайұлы жобасының мақалалары Санат:Қарақалпақстанда туғандар