«Абай аулының ақиықтары» -«Қайнар» баспасынан 1984 ж. жарық көрген кітап. Авторы - Х.Матаев. Кітапта қазақтың ұлы ақыны туып-өскен, Абай есімімен аталатын ауданның шаруашылық, экономикалық, мәдени өсу жолдары нақты деректермен көркем баяндалған. Абайдың 100, 125 жылдық мерейтойларына тоқталып, ақынның бүгінгі мұрасын насихаттаудағы істері жан-жақты жазылған. Көлемі - 8,3 б. т., 3500 дана болып басылған.Абай. Энциклопедия. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясының» Бас редакциясы, «Атамұра» баспасы, ISBN 5-7667-2949-9
Дереккөздер
Санат:Абай энциклопедиясы