Көкжидек () — Көкбұта тұқымдасының Қаражидек тегінің бұтасы. Солтүстік жарты шардың қоңыржай және суық белдеуінде, әсіресе, Сібірде көп таралған. Негізінен шымтезекті жерлерде, қылқан жапырақты және жалпақ жапырақты орманда, тундрада өседі. Сондай-ақ Кавказ, Орал тауларында және Қиыр Шығыста кездеседі.

Жемісі шырынды, реңі көкшіл, бұршақ (асбұршақ, бұршақ), күрделігүлділер (салат), астық (қантты жүгері) тұқымдастары. Мұнымен қатар, ауыл тұрғындары үй маңында кресс-салат, ботташық, артишок, физалис, балдыркөк, шашыратқы, эстрагон және т.б. өсіреді. Дәм-татымдық көкөністер — биден, кориандр, зире, жалбыз, майоран, фенхель, эстрагон, қияр шоп, оз алдында дербес топ құрады. Көкжидек құрамында витаминдер, белок, май, көмір сулар, минералдық тұздар, органикалық қышқылдар, хош иісті заттар және т.б. көп болады.Қазақ тілі терминдер сөздігі I том

Көкжелек жидегінің пішіні алмұрт тәрізді, түсі көк. Көкжелек көбінесе бұрынғы КСРО-ның шымтезекті саздарында өседі. Ел арасында Қөкжелекті «маскүнем» деп атап кеткен, әрине, ол дұрыс емес, өйткені мұның құрамында адамды, жан-жануарларды мас етерліктей химиялық зат жоқ. Бұлай аталу себебі: көкжелек әрқашан қазанақ деген бұтамен бірге өседі, қазанақ гүлдеген кезінде езінің денесінен адамның басын мең-зең ететін химиялық зат бөліп шығарады. Осы зат көкжелек жидегінің қабығына сіңедіТ. Мұсақұлов, ОРЫСША-ҚАЗАҚША ТҮСІНДІРМЕЛІ БИОЛОГИЯЛЫҚ СӨЗДІК І-том ҚАЗАҚМЕМЛЕКЕТБАСПАСЫ, Алматы — 1959, Редакциясын басқарған: Биология ғылымының докторы профессор Т. Дарқанбаев.

Дереккөздер

Санат:Көкбұталар