XIX ғасырдағы қазақ әдеби тілінің дамуы

Қазақ тілі әрегіректе қазақ халқын қураған ру, тайпа тілдері ретінде, ал берігірек, яғни XV-XVI ғасырлардан бермен қарай, қазақ халқының біртұтас ауызекі сейлеу тілі ретінде әлденеше ғасырлар бойы сол халықпен бірге жасап келе жатқаны мәлім. Сонымен қатар, өзгетүркі халықтары сияқты, қазақ халқының әдеби тілі де болған. Қазақ халқы өзінің жазу мәдениетінде бірсыпыра уақыт бойы жазба әдеби тілі ретінде түркі тілдес халықтардың сауатты үрпақтарына ортақ болған, белгілі дәрежеде қалыптасқан шағатай немесе түркі аталған тілді пайдаланды.

Бұл тіл барлық көзеңде бірдей, бір қалыпты болған жоқ. Шамамен XIV-XV ғасырлардан бастап тайпалардың жеке-жеке халық болып қоғамдасуына, территория жіктелуіне байланысты түркі әдеби тілінің аймақтық нүсқалары пайда болды. Қазақ авторлары да шағатай аталған тілді пайдалана отырып, өз шығармаларына қазақтың ауызша әдеби тілінің белгілерін (лексикада, грамматикада болсын) молынан кіргізіп отырды.

Сейтіп, қазақ авторларының қолданысында туркі әдеби тілінің қазақтық нүсқасы қалыптасты. Бұл тіл жалпы халықтық (қоғам мүшелеріне ортақтық) сипаты бар, белгілі дәрежеде еңделген, қалыптасқан, қоғамдық қызмет атқарған тіл бола турса да, стильдік жағынан әлі сараланбаған, қызмет аясы тар, түркі әдеби тіл дәстүрін мықты сақтаған тіл еді. Бұл тілде, негізінен, әр түрлі іс қағаздары, шежіре аталған тарихи шығармалар, эпистолярлық нүсқалар жазылды. Бұл жазба тіл дәстүрі кейінгі дәуірлерге дейін, анығырақ айтқанда, XIX ғасырдың екінші жартысына дейін өмір сүріп келді, алайда кейбір жанрларда ол XX ғасырдың басында да кездеседі.

XIX ғасырдың бірінші жартысында өмір сүрген М. Өтемісов өзінің арқалы жырларын ауызша әдеби тілде жырласа, жоғарғы әкімшілікке жазған арыз-шағымдары мен хаттарында жазба әдеби тіл дәстүрін сақтады. Бұл дәстүрден эпистолярлық туындыларыңда Ыбырай Алтынсарин мен Абай Құнанбаев та мүлдем тазарып кете алмады. Халық болып қалыптасар тұста және одан кейінгі 3-4 ғ-лық көзеңдерде тарихи себептермен көшпенді өмір кешкен қазақ сияқты халықта жазба әдеби тіл болумен қатар ауызша әдеби тілдің де қатар өмір сүруіне қолайлы жағдай жасалды. Жазба әдеби тілдің атқаратын көптеген қызметін қазақ жағдайында ауызша әдеби тіл атқарды. Ол тілдің үлгісін 15-19 ғ-лар арасында өмір сүрген тарихқа аты мәлім ақын - жыраулар туын- дыларынан (өлеңдері мен шешендік сөздерінен, тарихи жырларынан) одан әрі, бай халық ауыз әдебиеті үлгілерінен табуға болады.

Ауызша әдеби тіл де белгілі дәрежеде қалыптасқан халық мұқтажын етейтіндей әлеуметтік қызмет атқарған, қазақ халқын қураған ру, тайпа диалектілерінен жоғары тұрған, өнделген, сұрыпталған қатынас құралы еді. Бұл тіл кейін ұлттық әдеби тіліміз қалыптасқан кезеңде көркем әдебиет стилінің берік негізі жарық көрді. Сөйтіп, ұлттық әдеби тіл қалыптасқанға дейінгі дәуірлерде қазақ халқына қызмет еткен екі түрлі әдеби тіл болды:

Бірінші түрі - ортаазиялық түркі әдеби тіліне негізделген, соның дәстүрін мықтап сақтаған жазба әдеби тілі. Екінші түрі - халықтың ауызекі сейлеу тілі мен ауыз әдебиеті тілін негіз етіп, содан нәр алған ауызша әдеби тіл.

XIX ғасырдағы әдеби тілдің қолданылуына сипат

Жалпы, қай жағын алсақ та, XIX ғасырдағы әдеби тіл екі сапалы белекке белініп тұрды. XIX ғасырдың бірінші жартысы патша үкіметінің Қазақстан жерін отарлау әрекетінің ең бір шешуші көзеңі болды. Қазақ даласының көптеген жері Ресей империясының қүзырына кіріп, ел басқару билігін патша үкіметі толықтай өз қолына алды. Ол үшін 20 жылдары хандық басқару жүйесін жойды да, ел басқару мен сот-билік жүргізудің жаңа тәртібін енгізді.

Бұл жаңа устав бойынша қазақ елі әкімшілік округтерге, округтер болыстарға, ал болыстар ауылдарға бөлінетін болды. Бұрынғы ата-бабаның әдет-ғұрпымен билік айтып шешім қабылдайтын билермен бірге ауыр қылмыстар мен саяси істерді қарайтын жаңа сот жүйесі пайда болды. Елеулі экономикалық өзгерістер енді. Әсіресе сауда-саттық күшейді. Саудаға қазақ байлары араласа бастады. Қазақ жерінде ашылған жәрмеңкелердің саны көбейді. Егіншілік кәсібі етек жайып, егіс құралдары қолданыла бастады. XIX ғасырдың 30 жылдарынан бастап қазақ еңбекшілері кесімді мемлекеттік салық төледі.

Қазақ даласындағы мұндай саяси-экономикалық өзгерістер қоғам өмірінің күллі саласын қамтығаны аян.

Қазақ қоғамында әлеуметтік топтардың ескілері ыдырап, жаңа түрлері пайда болды. Сауданың жедел дамуына байланысты саудагерлер, алыпсатарлар, өсімқорлар шықты. Қулдардың әлеуметтік тобы жойылып, төлеңгіттер султандар жанынан кетіп, жеке руға айналды. Батырлар мен билердің әлеуметтік сипаты біраз өзгерді, жатақ, усақ қоленершілер пайда болды. Бұл көзде қазақ даласында ана тіліндегі мектептер, баспасөз, кітап шығару ісі болғанжоқ. 1822жылғы Устав бойынша қазақтарға балаларын орыс мектебіне беруге рүқсат берілгенімен, онда оқитын қазақ балаларының саны тым аз болатын. Патша үкіметі 19 ғ-дың ортасына дейін қазақ жеріне ислам дінін күштеп тарату саясатын ұстады, Екатерина II-нің. 1783 жылғы указы бойынша мемл. есебінен мешіттер салынып, діни кітаптар бастырылып тегін таратылды, қазан татарлары мешітке молда, жергілікті әкімш. орындарында тілмаш ретінде кеңінен пайдаланылды. Патша үкіметінің отарлау саясатына қарсы шаруалар көтерілісі кең өріс алды. Исатай- Махамбет бастаған буқаралық қӨзғалыс, Есет Көтібарұлы көтерілісі, Кенесары Қасымов басқарған т. б. қӨзғалыстар халық өмірінде өшпес із қалдырды. Міне, осындайэкономикалық, саяси-әлеуметтік өзгерістер сол тұстағы қазақ әдеби тіліне өз әсерін тигізді, ел билеу, әкімш. қүрылысқа және экономикалық жаңалықтарға байланысты көптеген жаңа атаулар мен сөз орамдары пайда болды. Бұл жаңа қолданыстар, ең алдымен, халық өмірінде елеулі роль атқарған ақын-жыраулар шығармаларында орын алды. Бұл көзеңнің ауызша әдеби тіл нормасын танытатын тілдік материалдар Махамбет, Дулат, Шөже, Шортанбай, Байтоқ, Жанақ, Орынбай т. б. ақындардың шығармалары болып табылады.

XIX ғасырдың бірінші жартысындағы әдеби тілдің лексикалық негізгі құрамы жалпыхалықтық тілдің төл сөздері, қосымша қабаттары - араб, парсы және орыс сөздері болды.

Аталған ақындардың шығармаларынан жауынгерлікке, әлеуметтік құрылыс пен әкімшілік сот істерінде, сауда-саттыққа байланысты сөздер мен сөз тіркестерін молынан көздестіреміз. Қазақ даласына ене бастаған жаңа ел билеу жүйесіне байланысты майыр, аға сұлтан, болыс, елу басы, он басы сияқты сөздер Дулат, Шортанбай шығармаларында молынан кездеседі.

Махамбет шығармаларынан әскери лексиканы (найза, қылыш, мылтық, садақ) жиі ұшыратамыз. Бұл көзеңдегі поэзия тілінде қазір көнерген есімшенің -ар, -ер, -мақ, -мек формалары жиі қолданылған, сондай-ақ некен-саяқдүрформанты қылаң береді: «Су түбіне кеткен жұрт, Тал таба алмас қармарға», «Жан шығарға келген соң» (Дулат), «Таяндық енді өлерге, Күн қанша дүр көрерге» (Шортанбай). Бұл кезеңдегі жазба әдеби тіліміздің халықтық сөйлеу тілі белгілерін бойына молынан сіңіріп, өткен ғасырларға қарағанда біраз жеңілдегенін байқаймыз. Дегемен, ол өткен ғасырлардан үзілмей келе жатқан көне түркі әдеби тіл дәстүрін (әсіресе грамматика мен орфографияға) сақталып отырылған. Ресми документтер стиліне тән ғизатлу, қурметлу, мархабатлу, сағадатлу, биік мәртебелі, ғинаятлу сияқты эпитеттер мен араб, парсы сөздері бұл көзеңдегі іс қағаздарында молынан кездеседі. Бұлардың грамматикалық құрылысында да көне түркілік формалар (міш, даю, дур, бірлән т. т.) жиі ұшырайды.

Қазақ халқының саяси-әлеуметтік, экономикалық және мәдени өміріндегі XIX ғасырдың екінші жартысындағы орны

Ресейдің Қазақстан территориясын отарлауы аяқталуымен байланысты халықтың патриархалдық тұрмыс-тіршілігі бірте-бірте өзгеріп, көшпелі ел отырықшылыққа ауысып, мал шаруашылықпен қатар егіншілікпен де айналыса бастап, сауда-саттық қарықты дамыды. Қалалар саны көбейді, әр жерден кен көздері ашылып, өндіріс орындары пайда бола бастады. Қазақ қоғамының құрылысына да өзгерістер ене бастады, жаңа әлеуметтік топтар пайда болып, кенөлері тарих сахнасын босатты. Рухани өмірде де жаңалықтар орын алды. Қазақ халқы оқу-біліммен, сондай-ақ сауат ашумен жақындаса бастады. XIX ғасырдың екінші жартысында Қазақстанда 100-ге тарта 2 кластық уездік және 1 кластық болыстық мектептер болып, онда шамамен 400-ге жуық шәкірт оқыды. Қазақ тілінде тұңғыш баспасөз жарық көріп, кітап шығару ісі белсенді жүргізілді. Бұл тұста ислам діні де етек жайып, әлем бойынша кең тарады.

Сауат ашу тұрғыда Ыбырай Алтынсарин мен Абай Құнанбаевтың еңбектері ерекше. Олар қазақтың ауызша әдеби тілі мен көне жазба әдеби тілін шеберлікпен пайдалана отырып, оны стильдік жағынан жетілдірет ұсті. Ы. Алтынсарин ана тілінде оқытатын мектеп ашып, оның оқулықтарың өзі жазып шығарды. «Қырғыз хрестоматиясын» жазу үстінде Ыбырайдың алдында не бұрынғы шағатай тілі әсерінен қүтылмаған көне жазба әдеби тілді пайдалану, не жаңа жазба әдеби тіл жасау жолы тұрды. Хрестоматияға кіргізген өзінің төл әңгімелері, өлеңдерін, жаңа жазба әдеби тілде жазды. Бұл шығармалар тілі көркем әдебиет стилінің алғашқы көрінісі еді. Аталған кітап қазақтың ұлттық әдеби тілінің кейінгі дәуірлерде дамуына дүрыс бағыт берген, оған төтенше әсер еткен еңбек болды.

Осы жазба әдеби тілде ол қазақша газет шығару мәселесін де күн тәртібіне қойып, оның алғашқы санын өз қолымен жазды. Қазақ балалары оқитын дін сабағына оқулық әрі көпшілік халық оқитын «Шариат әл- ислам» атты кітапты да осы тілде жазып, Ғылыми- көпшілік әдебиеттер стилінің бастаушысы болды. Ақырында, Ыбырайдыңтікелей араласуымен кеңсе қағаздарының да алғашқы үлгісі жасалынды. Сөйтіп, Ыбырай Алтынсарин қазақтың жаңа жазба әдеби тілінің бұрын болмаған көптеген стильдерін жетілдіруде орасан зор еңбек етті. Қазақтың жаңа жазба әдеби тілін қалыптастыруда Абайдыңулы еңбегі бар.

Абай Құнанбаев өзіне дейінгі күшті дамыған, халықтың эстетикалық-рухани талғамын сан ғасыр бойы қанағаттандырып келген қазақ поэзиясы тілінің негізгі қағидаларын сақтай отырып, өлең сөзіне орасан көп жаңалықтар енгізді. Абайдың классиктігін танытатын белгілердің бірі - оның кестелі бояуы күшті, модальдық реңкі бар сөздерді керкем бейне үшін шебер пайдалануы есептеледі. Абай Құнанбаевтың өлеңдері арқылы қазақ керкем сөзінің лексикалық құрамына өзгеріс енгізді. Ол өзгерісті туғызған негізгі себептері болған. Біріншіден, оның шығармаларының тақырыбы болса, екіншіден, жаңа бейнелі сөз іздеуі еді. Қоғамның саяси-экономикалық қүрылысына, оқу- білімге, философия мен дінге қатысты сөздер мен тіркестерді, кейде тіпті атауларды поэзия тіліне молынан енгізу Абайдан басталады. Сөйтіп, қазақ поэзиясы тілінің лексика құрамын кеңейту, яғни бурын жиі қатыстырылмайтын сөздер тобын өлең тіліне енгізу және оларды дәл де ауыспалы мағынасында пайдалану Абайдың әдеби тілге, соның ішінде өлең тіліне қосқан үлесі, саналы түрде істеген қызметі деуге болады.