thumb|Меандр Меандр немесе Өзен ирелеңі — (Кіші Азиядағы ирелеңділігі аса жоғары өзен аты) — өзен айналымы, жазық өзендері арнасының баяу ағысты иіндері. Меандрдың қисықтық радиусы өзендегі судың молдығы мен ағыс жылдамдығына тәуелді. Меандрдың қалыптасуына негізгі өзен ағынымен сәйкес емес ағыстар себепші болады: беткі ақпалар ойыс жағаға, ал тасындыға қаныққан түптік акпалар шығыңқы жағаға карай бағытталады. Ойыс жаға, әдетте, тік әрі биік, шығыңқы жаға қайырланған, көлбеу болып келеді. Өзен иіндері біртіндеп тұзақ сипатқа ауысады. М. — шектелген, еркін, бітпеген болып жіктеледі. Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі. Су шарушылығы. – Алматы, «Мектеп» баспасы, 2002 жыл. Өзен ирелеңі үлкен жайылмасы бар жазық жердегі өзендерге тән бұрылыстар, өзен ирелеңінің екі түрі бар: тосын өзен ирелеңі — өзен аңғарындағы шайылмайтын берік телімдерді тасқынның айналып өтуінен пайда болады; еркін өзен ирелеңі — тұрақты пішін жасамайды, уақыт өткен сайын арнасын өзгертіп және өзеннің ағыс бағытымен орын алмастырып отырады.Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі. Су шарушылығы. – Алматы, Мектеп, 2002.

Өзеннің ирелеңділігі Өзеннің ирелеңділігі – өзен арнасының иректелу пішінінің дәрежесі. Өзеннің режіміне, алабы мен аңғарының геологиялық құрылысына және топырақ құрамына байланысты. Өзеннің ирелеңділігі коэффиңиентімен бастауы және сағасының арасындағы ұзындығының олардың арасындағы түзудің ұзындығына қатынасымен сипатталады.Қазақ тілі термиңдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: География және геодезия. — Алматы: "Мектеп" баспасы, 2007. — 264 бет. ISBN 9965-36-367-6

Тағы қараңыз Өзен; Өзен алабы; Өзен аңғары; Өзен жүйесі; Өзен бастауы; Өзен сағасы; Өзен еңістігі; Өзен желісі; Өзен жүйесі; Өзен иректілігі; Өзен көлігі; Өзен суының тартылуы; Өзен эрозиясы; Өзендердің бөлінуі; Өзендердің қоректенуі; Өзенді ілестіру; Өзеннің бас жары; Өзен жайылмасы; Өзен аралығы.

Дереккөздер

Санат:Ғылым Санат:Су шаруашылығы