Кенорындардың инженерлік-геологиялық жағдайлары -табиғи және техногендік факторлар жүйесі: табиғи-климаттық ерекшеліктері, кенорындардың геологиялық-тектоникалық құрылысы, құрылымы; тау жыныстарының жатыс жағдайлары, құрамы, қасиеттері және күйі, жер асты сулары; газдылығы, әр түрлі геологиялык процестер мен қүбылыстардың туындауы және дамуы. Кенорындардың инженерлік-геологиялық жағдайлары кенорындарды тиімді барлауға, ұтымды және қауіпсіз игеруге, кеніштерді жобалау мен пайдалануға негіз болады.
Кенорынның (кен денесінің) моделі Жер қыртысы телімінің заттық көлемдік бейнесі; әдетте ол 1:100—1:200 масштабты кен орнын немесе жеке кен денесін қамтиды; осы арқылы нысанның геологиялық орны, құрылымы, кенденудің кеңістікте таралуы мен пішіні, кенсіз ойықтар, шығымды және шығымсыз кен блоктары мен бағанасы, табиғи типтері мен өнеркәсіптік сорттары туралы айқын мағлұмат беріледі.Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Геология— Алматы: "Мектеп" баспасы", 2003.ӀSВN 5-7667-8188-1 ӀSВN 9965-16-512-2 Дереккөздер
Санат:Геология