Азат Еуропа/Азаттық радиосы () — АҚШ Конгрессі қаржыландыратын халықаралық коммерциялық емес радиохабар тарату ұйымы.

Азат Еуропа радиосы 1949 жылы қырғи қабақ соғыс кезінде кеңес сателлит мемлекеттеріне, ал Азаттық радиосы 1951 жылы Кеңес одағына бағыттала құрылған. Бастапқыда, 1972 жылға дейін Орталық барлау басқармасы жасырын қаржыландырып,Prados, John: Safe for Democracy: The Secret Wars of the CIA (Ivan R. Dee, 2012). 1976 жылы екеуі біріктірілді. Штаб-пәтері бұрын Мюнхенде орналасса, қазір Прага қаласында.Қазақ телевизиясы. Энциклопедия. — Алматы: “ҚазАқпарат”,2009, 1-т. — 640 б. ISBN 978-601-03-0070-5

Қамқоршы ұйымы — АҚШ-тың ғаламдық медиа жөніндегі агенттігі. Миссиясы мен ұстанымы ретінде «демократиялық құндылықтар мен институттарды дамытуға үлес қосу, оған қоса билігі тәуелсіз, еркін медиаға жол бермей отырған елдердегі адам құқығын жаңалық тарату арқылы дамыту» деп санайды.Азаттық радиосының миссиясы

Станцияның орта және қысқа толқында жұмыс істейтін, хабар беретін 32 аппараты бар. Поляк, чех, словак, румын, болгар және венгр тілдерінде берілетін хабарлардың жалпы көлемі тәулігіне 76 сағатқа жетеді.

Қазақ редакциясының тарихы 1953 жылға шейін хабарлар тек орыс тілінде таратылып келді. Осы жылы ғана "Азаттық" деп аталып, Кеңес одағының құрамына кірген барлық республикалардың тілдерінде хабар жүргізе бастады.

Ең алғашқы қазақ тіліндегі хабар 1953 жылдың 18 наурызында эфирге шықты. Хабарларды біртұтас Түркістан редакциясы (Бас редакторы — Асан Қайғы (Мәулікеш Қайболды), орынбасары — Велли Зуннун) даярлады. Бұл редакция қазақ, қырғыз, тәжік, түркімен, өзбек тілдерінде хабарлар жүргізген.

1967 ж. Түркістан редакциясы "Оңтүстік Түркістан" және "Солтүстік Түркістан" деп екіге бөлінді. "Солтүстік Түркістан" редакциясы қазақ, қырғыз, ұйғыр тілдерінде хабар таратқан. 1968 ж. Түркістан редакциясында өзгерістер жүргізіліп, "Түркістан-1", "Түркістан-2", "Түркістан-3" болып үшке бөлінді. "Түркістан-3" редакциясы қазақ тіліндегі хабарларды таратты, басқарушылары — Тағыберлі және Жәкен Бапышұлы деген азаматтар болды.

1975 ж. бұл редакциялар жеке-жеке бөлініп шықты да, қазақ редакциясын Ж. Бапыш басқарды. 1988—1995 жж. аралығында редакцияға Хасен Оралтай басшылық жасады, қазақстандық бөліміне Қиял Сабдалин жетекшілік етті. Тәуелсіздік туын желбіретуге ұлттық рухта үн қосқан бірден-бір радио болды. Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007. ISBN 9965-32-491-3

Хабар тарататын тілдері мен жобалары Бүкіл әлем ағылшынша (Free Europe/Liberty)

Еуразия орысша (Настоящее время, Votvot)

Шығыс Еуропа Украина: украинша (Свобода, Крым.Реалии), орысша, қырымтатарша (Крым.Реалии) Беларусь: беларусша (Свабода)

Орталық Еуропа және Балқан елдері Мажарстан: мажарша (Szabad Európa) Румыния: румынша (Europa Liberă) Молдова: румынша, орысша (Europa Liberă) Болгария: болгарша (Свободна Европа) Босния, Черногория, Сербия: сербохорватша (Slobodna Evropa) Солтүстік Македония: македонша (Слободна Европа) Косово: албанша (Evropa e Lirë)

Ресей орысша (Свобода, Сибирь.Реалии, Север.Реалии, Кавказ.Реалии, Idel.Реалии) шешенше (Маршо) татарша (Азатлык)

Кавказ Армения: армянша, орысша, ағылшынша (Азатутюн) Әзербайжан: әзербайжанша (Азадлыг) Грузия: грузинше (Тависуплеба), орысша (Эхо Кавказа)

Таяу Шығыс Иран: парсыша, ағылшынша (Farda)

Орталық Азия орысша (Азаттык Азия) Қазақстан: қазақша (Азаттық) Қырғызстан: қырғызша (Азаттык) Тәжікстан: тәжікше (Озоди) Түрікменстан: түрікменше (Азатлык) Өзбекстан: өзбекше (Озодлик)

Оңтүстік Азия Ауғанстан: дари, пушту (Azadi) Пәкістан: пушту (Mashaal)

Дереккөздер

Санат:1949 жылы негізі қаланған радиостанциялар Санат:Халықаралық радиостанциялар Санат:Қазақ тілді радиостанциялар