Қызыл таң — десерттік ликерлік маркалы қызыл шарап. Оңтүстік Қазақстан облысында өсірілетін Саперави жүзім сортынан дайындалады. Қанқызыл түстен қызыл күрең түске дейінгі аралықта, иісі қара қарақат иісіне ұқсас. Құрамында спирт — 16%, қант — 22%, титрленетін қышқылдығы 5 г/л, 3 жылда бабына келеді. 1956 жылдан шығарылады. 2 алтын және күміс медальдармен марапатталған.Қазақ тілі терминдер сөздігі I том

Тағы қараңыз Қызғылт мускат

Дереккөздер</span>

Санат:Шараптар