Киото (жапон. 京都 Kyōto-shi) — Жапонияның үкіметінің жарлықтары бойынша белгіленген қала; халқы шамамен 1,5 млн адам. Хонсю аралының орталығында, Кансай регионының орталығында орналасқан. Киото префектурасының орталығы болып келеді.
794 жылдан 1984 жылға дейін Жапонияның астанасы болды.
Географиясы Қала Киото таулары мен ойпаты маңайында орналасқан. Таулардың жарылған жерлері қаланың шекарасының рөлін атқарады.
Киотоның теңізге шыға алмағандығы және оның жалпы орналасуы климатының қоңыржай және континенттік болғандығына себеп болып келеді. Тамыздағы орташа жоғары температурасы – 28,2 °C болғанымен қаланың климаты суық және құрғақ. Маусымнан қыркүйекке дейін жаңбыр жауатын мезгіл болып келеді. Жылғы жауын шашын орташа мөлшері 1491 мм.
Тарихы Жаңа заман 1568 жылы Киото регионалды басшы Ода Нобунага басшылығында болады. Ол қираған қаланың қайта құрылуын бастады. Ода Императорлық сарайын мен Нидзё мұнарасын қалпына келтіреді де, астананың экономикалық жағдайын дұрыстайды. Оның қорғауының астында қалада Иезуиттер бастаған христиан миссиясы жүреді. Одадан кейін болған Тоётоми Хидэёси өзінің ізашарының жоспарын жалғастырады. 1590 жылы ол қалада жаңа жол жүйесін құрастырады, кварталға бөліну жүйесін енгізеді де, қаланың орталығында орналасқан монастырьлерді Тэраноути ауданына көшіреді. Киотода Дзюракудай сарайының, Ниси-Хонгандзи монастырінің және қала маңындағы Фусими мұнарасының құрыстырады.
Токугава сёгунатының құрылуыан кейін мемлекеттің саяси ордасы Эдо қаласы болып кетеді. Алайда, Киото Жапонияның астанасы мен Император резиденциясы болып қала берді. Киото қаласының қауіпсіздігін сақталуы мақсатымен Токугава Иэясу Нидзё қамалын салады.
XVII—XIX ғасырларда Киото елдің ең бай қалаларының бірі болады. Оның халық саны 400 мың адам болды және ол Жапонияда Эдо мен Осакадан кейін ең үлкен қала болған.
1864 жылы өрттен Киото қатты зақымданады, қаланың көпшілігі зардап шегеді, 28 мың үй толықтай жойылады. жылы Киотода Мэйдзи жаңғыртуы өтеді, және Император астананың Токиоға аты өзгерген Эдоға көшірілуін жариялайды. Император сарайының көшуіне байланысты Киото өзінің мың жылдық Астана атағын жоғалтады.
Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде Киото американдықтардың атомдық жаруға жоспарланған қалалардың бірі болған. Осының себептерінің бірі – қаланың ауқымдылығы. Алайда бұған АҚШ Әскер министрі Генри Стимсон қарсы болған, өйткені ол Киотода өзінің бал айын әйелімен бірге өткізген. Оның сөзі бойынша, жапондықтардың ежелгі мәдениеттік және діни орталығының бұзуы АҚШ абыройына зақым келтіреді. Лесли Гровс пен басқа комитет мүшелерінен қолдауды ала алмаған Генри Президент Труманға жүгінеді де, оны көндіртеді.
Климаты
Әкімшілік бөлінісі №Қазақша атыЖапонша атыАуданыХалық саныТығыздығы01Камигё上京区7,0302Кита北区84,8803Минами南区15,8104Накагё中京区7,4105Нисикё西京区59,2406Сакё左京区246,7707Симогё下京区6,7808Укё右京区292,0709Фусими伏見区61,6610Хигасияма東山区7,4811Ямасина山科区28,70
Халқы Халық саны – 1 464 890 адам (1 қазан 2020), және тығыздығы — 1769,55 адам./км².
Бауырлас қалалары Киото қаласының 10 бауырлас қалалары бар. Бауырлас қала Жылы Мемлекет Бостон - Париж- Кёльн - Прага- Флоренция- Киев- Сиань- Гвадалахара- Чинджу- Загреб-
Дереккөздер
Санат:Жапония қалалары