Мұхтар Ысмайылұлы Құлмұхаметов (1936 ж. т.) - суретші. Қондырғылы және монументті кескіндеме саласында жұмыс істейді. Дипломдық жұмысы ретінде «Абай» картинасын жазды (1957, кенеп, майлы бояу, суретшінің жеке қоры), кейінірек «Абай болған жерлерден» деген бірнеше этюд салды (1963, кенеп, майлы бояу, автордың жеке қоры). Осы ізденістердің негізінде суретшінің күрделі еңбегі - «Абай» картинасы дүниеге келді (1962-87, кенеп, майлы бояу, автордың жеке қоры). Суретші бұлардан басқа «Абай», «Халқым надан болған соң қайда барып оңайын» (1987, кенеп, майлы бояу) т. б. топтама суреттер салған.Абай. Энциклопедия. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясының» Бас редакциясы, «Атамұра» баспасы, ISBN 5-7667-2949-9 Дереккөздер
Санат:Тұлғалар