«Саудайы-ай, сауды алмадың-ау, сырқауды алып»- Абайдың 1896 ж. шығарған өлеңі. Көлемі 4тармақтан тұратын біршумақ. Ақын бірнеше рет үйленсе де басы бақты әйелге кездесе алмай қойған ауылдасы Дүйсенқұл деген кісі тағы бір жолы Жақып дегеннің күйеуден қайтып келіп отырған ауру қызына қосылғанын естігенде айтқан. «Саудайы» - араб сөзі, аңғал, абайсыз деген мағынаны білдіреді. Абай осы сөз арқылы ақылдасының апалақтаған аңғалдығын ескерте отырып, оның жар таңдау сияқты аса маңызды өмірлік мәселеге ұшқары қарайтынын үлкен мін санаған. Сондықтан да мұны жай ғана кемшілік демей, Дүйсенқұлдың ұшып-қонып жүріп, сырқау әйелге ұрынған ұшқалақтығын барша жұрт қамасақ етіп: «Ала жаздай көгалды бір көрмедің, Сары жұртқа қондың бір ірге аударып», Деп, ащы тілмен өлтіре әжуалайды, Дуйсенқұлды И. А. Крыловтың шырылдауық шегірткесіне ұқсатады. Осы екі жолдан өлеңді табан астында, ауызша шығаруға әбден машықтанған тілі шешен, ойы жүйрік ақынның шеберлігі айқын көрінеді. Өткір тіл, көркем сурет, терең мағына қатар табылады. Өлең 11-14 буынды қара өлең ұйқасымен шығарылған. Алғаш рет ақын шығармаларының 1933 жылғы жинағында жарияланды. Басылымдарында ешқандай текстол. өзгеріс байқалмайды. Абай. Энциклопедия. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясының» Бас редакциясы, «Атамұра» баспасы, ISBN 5-7667-2949-9 Дереккөздер
Санат:Абай энциклопедиясы