Қорамжан Тайшекин (1858-1930) - Абайдың замандасы. Қорамжан отбасын ұрлық жасап асырайды екен. Осыны естіген Абай оны шақырып алып, ақыл-кеңесін беріп, өз жанына көшіріп алады. Содан былай ол өмірінің соңына дейін Абайдың қасында болып, сөзге араласып, ұрлығын қойған. Оның балалары Қатпа, Мақып ақын туралы естеліктерін Абайдың Семейдегі мемл. қорық-музейіне тапсырған.Абай. Энциклопедия. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясының» Бас редакциясы, «Атамұра» баспасы, ISBN 5-7667-2949-9 Дереккөздер

Санат:Абай энциклопедиясы