Өзен желісі - кез келген аумақтағы барлық өзендердің жиынтығы; гидрографиялық желінің бір бөлігі. Өзен желісінің негізгі көрсеткіші — өзен желісінің жиілігі.Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі. Су шарушылығы. – Алматы, Мектеп, 2002.

Өзен желісінің жиілігі

Өзен желісінің жиілігі (Густота речной сети) — алаптағы барлық өзендер ұзындықтары қосындысының алаптың ауданына қатынасы. Қарастырылып отырған аумақтағы жер үсті ағындысының дамуын көрсетеді. Әдетте, км/км2 есептеледі. Қазақстандағы өзен желісінің жиілігінің жиілік көрсеткіші 0-0,05-тен (шөлейт және тегіс аймақтарда) 0,45 км/км2-ге дейін өзгереді, ал республика үшін оның орташа көрсеткіші 0,08 км/км2; қандай да бір аумақтың 1 км2 ауданына келетін өзен желісінің ұзындығы.

Тағы қараңыз Өзен; Өзен алабы; Өзен аңғары; Өзен жүйесі; Өзен бастауы; Өзен сағасы; Өзен еңістігі; Өзен жүйесі; Өзен иректілігі; Өзен ирелеңі; Өзен көлігі; Өзен суының тартылуы; Өзен эрозиясы; Өзендердің бөлінуі; Өзендердің қоректенуі; Өзенді ілестіру; Өзеннің бас жары; Өзен жайылмасы; Өзен аралығы.

Дереккөздер

Санат:Ғылым Санат:Су шаруашылығы Санат:География