right|250px Тап - дәстүрмен немесе заңмен бекітілген және мұрагерлік арқылы берілетін құқықтар мен міндеттері бар әлеуметтік топ. Бірнеше таптардан тұратын таптық ұйымға олардың жағдайындағы теңсіздік пен артықшылықтардан көрінетін сатылық тән. Таптық ұйымның классикалық үлгісі XIV-XV ғғ. феодалдық Францияда көрініс тапты, мұнда қоғам жоғары тап (дворяндар және дін басылары) және артықшылықтары жоқ үшінші таптан (қолөнершілер, көпестер, шаруалар) тұрды. Құл иеленуші және феодалдық құрылысқа тән таптық айырмашылық формаларының бірі. Тап тек қоғамдағы өзінің нақты жағдайымен ғана емес, сонымен бірге мемлекетте алатын занды орнымен де ерекшеленетін қоғамдық топтар болып табылады. XVIII ғ. II жартысында Ресейде дворяндар, дінбасылары, шаруалар, көпестер мен мещандарға бөлінді. Капиталистік қатынастардың дамуына байланысты таптық қатынастар да жойыла бастайды, бірақ қазіргі заманда кейбір қоғамдарда таптық дәстүр сақталып отыр.Биекенов К., Садырова М. Әлеуметтанудың түсіндірме сөздігі. — Алматы: Сөздік-Словарь, 2007. — 344 бет. ISBN 9965-822-10-7Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007. ISBN 9965-32-491-3Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Әлеуметтану және саясаттану бойынша / Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын - Павлодар: «ЭКО» ҒӨФ. 2006. - 569 б. ISBN 9965-808-89-9
Дереккөздер
Санат:Ғылым Санат:Саясат әлеуметтануы Санат:Саясат