Ақжал – Талды өзенінің оң жағалауында орналасқан тау.

Географиялық орны Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы Қарағайлы кентінің оңтүстік-шығысына қарай 45 км жерде. Ең биік жері 1063 м. Солтүстіктен оңтүстікке және солтүстік-батыстан шығысқа қарай 3 км-ге созылып жатыр.

Жер бедері, геологиялық құрылымы Түпкі жыныстары жалаңаштанған, солтүтік беткейі тік, жыра-сайлармен тілімденген. Батыс және шығыс беткейлері жатаған келеді. Элювийлі-делювийлі шөгінділер жапқан тас көмір гранитоидтарынан түзілген.

Өсімдігі Таудың қызыл қоңыр сазды және саздауыт топырағында бетеге мен тобылғы түрлері, шөп, кей жерлерінде қараған кездеседі. Шоқыаралық ойыстарында шалғын өседі, бұлақ көп, сортаңдар ұшырасады.Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5“Қазақстан”: Ұлттық энциклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9

Дереккөздер

Санат:Қарқаралы ауданы таулары