Бейсенов Бақтығали (1889 жыл, Орал облысы, Ілбішін уезі, Қызылжар болысы, 5-ауылы (қазіргі Ақжайық ауданы) – 25 ақпан, 1938 жыл, Орал қаласы) — Батыс Алашорда қайраткері, алғашқы қазақ дәрігерлерінің бірі.
Өмірбаяны
Болыстық орыс-қазақ мектебін бітірген. қалалық Романов орыс-қазақ училищесін, осы училище жанындағы жоғары оқу орнына даярлайтын қосымша сыныпты бітірді (1901). 1902-1910 жылдары Орал реалдық әскер училищесінде оқыды. Училище оқушылары Ғ.Есенғұлов, И.Қашқынбаев, Ы.Шұғыловтармен бірге 1-орыс төңкерісі тұсында «Фикер» газеті маңына ұйысқан қазақ кадеттер партиясына ниеттес болғаны үшін жандарм бақылауына ілікті. 1910 жылы тамызда Саратов университеті медицина факультетінің 1 -курсына қабылданды. Арнаулы талапқа сәйкес 1911 жылы Орынбор халық ағарту округінің сынақ алу комитетінде латын тілінен балалар гимназиясының 8-сыныбы көлемінде сынақ тапсырып, оқуын жалғастырды. 1-дүниежүзілік соғысқа байланысты оқу курсының тоғыз семестрін мерзімінен бұрын аяқтады. 1917 жылы Саратов университетінің медицина факультетін бітірген. Орал облыстык 13-Қызылкүлгін ауылдық-дәрігерлік учаскесінде дәрігер болып істеді. Болыстық, уездік дәрежеде земство мекемелерін құру қызметіне қатысты. Батыс Алашорда таратылғаннан кейін, 1920 жылдан бастап Бақтығали Бейсенов Орал облысындағы Калмыков уездік денсаулық сақтау бөлімінің меңгерушісі кызметін атқарды. 1924 жылы Жымпиты уезіндегі Байғұтты ауруханасының меңгерушісі. Одан кейінгі жылдары Жымпиты уездік ауруханасында дәрігер. 1937 жылы тұтқындалып, 1938 жылы 25-ақпанда КСРО Жоғарғы Соты Әскери коллегиясы «үштігінің» қаулысымен Орал қаласында атылды. 1958 жылғы 14 маусымда Орал облыстық соты қаулысымен ақталды.
Өмірбаяны Әкесі Бейсен сауатты, дәулетті адам болған. Інілері - Орал реальдық әскер училищесінің түлегі Ишанғали Бейсенов Жымпитыдағы «Ойыл уәлаятының» кіші әскери қызметкерлер мектебін бітіріп, штаб офицері болды, ал Зепқали Бейсенов Ойыл юнкер мектебін бітіріп, Алаш полкінде жүзбасы қызметін атқарды.«Алаш» қозғалысы. Алматы, 2008. ISBN 9965-32-715-7
Дереккөздер
Санат:1889 жылы туғандар Санат:Ақжайық ауданында туғандар Санат:25 ақпанда қайтыс болғандар Санат:1938 жылы қайтыс болғандар Санат:Оралда қайтыс болғандар Санат:Алаш Орда қайраткерлері Санат:Қазақстан дәрігерлері Санат:Саратов университеті түлектері Санат:КСРО-да репрессияланғандар Санат:КСРО-да бұйрықпен атылғандар Санат:КСРО-да ақталғандар