Хроматин - жасуша ядросының негізгі компоненті; оны интерфазалық ядродан немесе митотикалық хромосомадан бөліп алу айтарлықгай жеңіл. Ол үшін оның әлсіз иондық күші бар сулы ерітіндіде немесе жай деиоидалғаи суда ерітілген күйге көшетін қасиетін пайдаланылады, алайда бірден с.йық күйге емес, қоймалжың күйге ауысады. Мұндай препараттарды нағыз сұйық ерітіндіге айналдыру үшін сілку, араластыру және қосымша гомогенизация сияқты күшті механикалық эсерлерді кажет етеді. Осындай әсерлер, сондай-ақ оны ұсак фрагменттерге бөлшектегенде хроматиннің қалыпты құрылымының бұзылуына әкеледі, бірақ оның химиялық құрамы өзгеріссіз қалады. Әр түрлі объектілерден алынған хроматин фракциялары айтарлықтай ұқсас немесе бірдей компоненттер жиынтығынан тұратындығы анықталды. Интерфазалық ядродан алынған хроматиннің химиялық құрамы митотикалық хромосоманың хроматинінен аз мөлшерде ерекшеленеді. Хроматиннің негізгі компоненттері ДНҚ және белок, ақуыздардың ішінде негізгісі гистон және гистондық емес белоктар. Бөлініп алынған хроматиннің орташа шамамен 40%-ға жуығын ДНҚ және 60%-ға ақуыздар құрайды, барлық белоктардың ішінде ядролық арнайы белок- гистондар 40-тан 80%-ға дейінгі мөлшерін құрайды. Хроматинді фракцияның құрамына одан басқа, РНҚ, көмірсулар, липидтер, гликопротеидтер сияқты мембраналы компоненттер де кіреді. Бірақ осы минорлы компонентердің хроматин құрылымына қанша мөлшерде кіретіндігі әлі анықталмаған. Тек РНҚ ДНҚ матрицасымен байланыстылығын жоғалтпаған күйіндс, яғни траскрипциялық РНҚ күйінде болуы мүмкін. Басқа да минорлы компонеіптср ядро кабықшасын құрайтын заттарға жатуы мүмкін.

1 кесте. Хроматиннің химиялық құрамы Хроматин көздері ДНҚ Гистондар Гистондық емес ақуыздар РНҚ Бұршак ұрығының сабағы 1,0 1.03 0,29 0,26 Егеукұйрықтың бауыры 1,0 1,16 0,67 0,043 HeLa жасушасы (адам ісігі) 1,0 1,02 0,71 0,09 Бұзаудың тимусы 1,0 1,14 0,33 0,007 Тауықтың эритроциті 1,0 1,08 0,54 0,02

Ескерту. Белок пен РНҚ мөлшері ДНҚ-мен салыстырмалы берілген (Ю.С.Ченцов бойынша). Хроматин кеңістікте құрылымдық жағынан жіп тәрізді болып келеді, ДНҚ- дан және оған ассоциацияланған гистондардан тұратын дезоксирибонуклеопротеидті (ДНП) молекулалар комплексі. Осыған байланысты хроматинді нуклеогистон деп те атау қалыптасқан. Дәлірек айтканда, гистондардың ДНҚ-ға ассоциациялануының аркасында, сондай-ақ ДНҚ мен гистондардың сандық жағынан бірдей мөлшерде болса өте тұрақсыз, өзгергіш нуклео-гистонды комплекс түзіледі. Бұл жіп тәрізді ДНП фибриллдері, яғни элементарлы хромосомалық немесе хромотиндік жіпшелер болып табылады, оның жуандығы ДНҚ-ның құрылымдық деңгейіне тәуелді түрде 10- ман 30 нм-ге дейін ауытқиды. ДНП фибриллдері ДНП-ның жоғары дәрежелі құрылымын түзе отырып, митотикалық хромосомаға дейін қосымша тығыздала алады. Кейбір гистондық емес белоктардың қызметі хроматиннің жоғары дәрежелі тығыздалуын түзумен аяқталады.

Хроматиннің ДНҚ-сы Хроматиннің құрамында 30-40%-ы ДНҚ-ның еншісінде болады. Бұл ДНҚ, таза сулы ерітіндіден бөлініп алынған ДНҚ-ға ұқсас, қос спиральді болып келеді. Бұл жайлы көптеген экспериментальді зерттеулер бар. Мысалы, хроматин ерітіндісін қыздырғандадаза ДНҚ-ны қыздырғандағыдай, ДНҚ-ның скі тізбегі арасындағы нулеотид аралық сутектік байланыс үзіліп, ерітіндіде гиперхромдық эффект деп аталатын жоғары оптикалық тығыздық қалыптасады. Хромосоманың құрылымын түтастай түсіну үшін хроматин құрамындағы ДНҚ молекуласы ұзындығының маңызы зор. Хроматин ДНҚ-сын бөліп алудың стандартты әдістерінде оның молекулалық массасы 7-9* 106 болады, Бұл ішек таяқшасы ДНҚ-ның молекулалық массасынан (2,8-109) әлдеқайда кіші. Хроматин препаратынан алынған ДНҚ-ның молекулалық массасының салыстырмалы түрде аз болуын, оны хроматин препаратынан бөліп алу процесі кезінде механикалық зақымдалулар эсерінен болуы мүмкін деп түсінуге болады. Егер ДНҚ-ны сілку арқылы, гомогенизация және басқа да жағдайлармен әсер ете отырып бөліп алса, онда ДНҚ молекуласын жасушадан өте үлкен ұзындықта алуға болады. Эукариотты жасушалардың ядросы мен хромосомасындағы ДНҚ молекуласының ұзындығын, прокариотты жасушаларды зерттегендегідей, фотооптикалық радиоавтография әдісінің көмегімен анықтауға болады. Хромосома құрамындағы жеке сызықтық ДНҚ молекуласының ұзындығы (прокариоттық хромосомалардан ерекшелігі) жүздеген микрометрден бірнеше сантиметрге жететіндігі анықталды. Әр түрлі объектілерден алынған ДНҚ молекуласының ұзындығы 0,5 мм-ден 2 см-ге дейін ауытқуы байқалды. Хромосомаға есептелінген ДНҚ-ның ұзындығы радиоавтографиялық әдіс арқылы алынған сандарға жақын келетінін осы нәтижелер көрсетіп отыр. Эукариотты жасушаның жеңіл еруінен соң ДНҚ-ның молкулалық массасын тікелей физико-химиялық әдіс арқылы анықтауға болады. Дрозофиланың ДНҚ молекуласының жоғарғы молекулалық массасы 41-109, Бұл шамамен 2 см-дей болатындығы көрсетілген. Кейбір ашытқылардың ДНҚ молекуласыпың молекулалық массасы 1-108-109тең, яғни 0,5 мм-ге жуық өлшемге ие. Кейбір зерттеушілер санағандай, ұзын ДНҚ бірнеше қысқа ақуыздардың көмегімен байланыскан құрылым емес, тұтас молекула болып табылады. Осы тұжырымға ДНҚ молекуласының ұзындығы протеолитикалық фермсігг препараттарымен өңдегенде өзгеріссіз қалатындығы анықталған соц ғана белгілі болды. Клетканың ядролық құрылымына, ағза геномына кіретін ДНҚ-мың жалпы саны жеке түрлер арасында ауытқып отырады, яғни микрооргапизм жасушасында ДНҚ саны омыткасыздар, жоғары сатыдағы өсімдіктср мси жануарларға қарағанда әлдеқайда төмен. Ішек таяқшасына қарағамда егеукүйрық ядросында ДНҚ 600 есе көп болып келеді. Эукариотты ағзалар жасушаларындағы ДНҚ санын салыстыра келе, ағзаның күрделену дәрежесі мен ядродағы ДНҚ санының кандай да бір қорреляциясын анықтау қиынға соғып отыр. Зығыр, теңіз кірпісі, алабүға (1,4-1,9) немесе талмабалық пеп бұқа (6,4-7) сияқты әр түрлі азғалар шамалас ДНҚ санына ие. Үлкен таксономиялық топтарда ДНҚ мөлшері едәуір ауытқып отырады. Жоғары сатыдағы өсімдіктердің әр түрлерінде ДНҚ мөлшері балықтардағы секілді бір - бірінен жүз есе айырмашылығы болса, ондаған есе айырмашылық амфибиялардың ДНҚ мөлшерінде байкалады. Кейбір амфибиялардың ядроларында ДНҚ мөлшері көбірск, адамдар ядросына қарағанда 10 -30 есе, бірақ бакаларға қарағанда адамның генетикалық конституциясы бірнеше есе күрделі екендігі сөзсіз. Сондықтам төменгі сатыдағы ағзаларда ДНҚ - ның «артық» мөлшерде болуы, олардың генетикалық рөлімен байланысты емес, тек гендер санының бірнеіпе рет қайталанып келуімен деп тұжырымдауға болады. Бұл сұрақтардың шешілуі ДНҚ гибридизациясы немесе ренатурация реакциясының кинетикасын зерттеу негізінде мүмкін болды. Егер ерітінділердегі фрагменттелген ДНҚ молекулаларын жылулық денатураңияға үшыратып, содан соң денатурация жүретін температураға қарағанда сәл төмендеу келген температурада инкубацияласақ, ренатурация, яғни комплементарлы тізбектердің қосылуы негізінде ДНҚ фрагменттерінің бастапқы қос тізбекті кұрылымының қайта калпына келу процесі жүреді. ДНҚ вирустары мен прокариоттар жасушалары үшін осындай ренатурацияның жылдамдығы олардың геномының үлкендігіне тәуелді екені көрсетілді: яғни неғұрлым геномы үлкен болса, әрі бөлшек немесе жасушаға ДНҚ мөлшері көп келсе, соғұрлым комплементарлы тізбектердің кездейсок жақындауына және нуклеотидтер тізбегі бойынша әр түрлі келген ДНҚ фрагменттерінің басым бөлігінің спецификалық реассоциациялануына көп уақыт керек. Прокариоттық жасушалардың ДНҚ реассоциациялану кисығы прокариоттар геномында қайталанып келетін қатарлар негіздерінің болмауымен сипатталған: олардың ДНҚ - ның барлық бөлімдері уникалды қатарларға ие, олардың мөлшері мен алуан түрлілігі объекттердің генетикалық композицияларының күрделі дәрежелігін, яғни, олардың ортақ биологиялық ұйымдастырылуын көрсетеді. Эукариотты ағзаларда ДНҚ реассоциациясы мүлде өзгеше көрініс табады. Яғни, эукариоттардың құрамына олардың геном көлемінің негізіне қарамастан өте үлкен жылдамдықта ренатурацияланатын фракциялар кіреді, сонымен қатар прокариоттар ДНҚ - ның ерекше тізбектері секілді жай ренатурацияланатын фракция кіреді. Дегенмен эукариоттарда Бұл фракцияның ренатурациялануына біраз уақыт кажет, бұл олардың геномының үлкен колсміне және көп мөлшерде алуан түрлі уникальды гендердің бар болуымен байланысты. Үлкен жылдамдықтағы ренатурациямен өзгешеленетін эукариоттар ДНҚ- иың осы бөлігінде екі фракция тармағын ажыратады: жоғары және жиі қайталанып келетін қатарлары бар, мүнда ДНҚ-ның ұқсас участоктары 10 қайталануы мүмкін; шектеулі қайталанып келетін қатарлары бар, геномда І()2-103 кездеседі. Осылай, тышканда жиі кайталанып келетін қатарлары бар ДНҚ фракциясына геномға шакканда ДНҚ-ның барлық мөлшерінің 10% кірсе, 15% шектеулі кайталанып келетін қатарлар фракциясына келеді. Тышканның қалған 75% ДНҚ көп мөлшердегі түрлі қайталанбайтын гендерге сәйкес келетін уникальды бөлімдерге келеді. Жиі қайталанатын қатарлары бар фракциялар ДНҚ- ның негізгі массасына қарағанда өзге жылжымалы тығыздықка ие, сондықтан оларды сателитті ДНҚ - ның фракциясы ретінде таза күйде бөліп алуға болады. Тышқанның Бұл фракциясының тығыздығы 1,691 г/мл тең, ал ДНҚ - ның нсгізгі бөлігі- 1,700 г/мл-ге тең. Тығыздықтағы айырмашылықтар нуклеотидтер құрамындағы айырмашылықтармен байланысты. Мысалы, тышканның осы фракциясында Г- және Ц- жұптардың 35%, ал негізгі шыңында ДНҚ- ның 42% бар. Сателитті ДНҚ, немесе жиі кайталанып келетін қатарлары бар ДНҚ фракциясы жасушадағы РНҚ- ның негізгі типтерін синтездеуге қатыспайды, әрі белок синтезімен еш байланысы жок. Себебі жасушаның бірде- бір РНҚ түрлері (тРНҚ, рРНҚ, иРНҚ) сателитті ДНҚ- мен гибридизацияланбайтындықтан осындай шешімге келді. Соған қарағанда Бұл ДНҚ- да жасушалық РНК- ның синтезіне жауапты тізбектер жоқ, яғни сателитті ДНҚ РНҚ синтезі үшін матрица болып табылмайды және транскрипцияға қатыспайды. Белок синтезіне тікелей қатыспайтын жиі кайталанатын қатарлар өзі бойында информацияны алып жүреді. Бұл информация хромосомалардың сақталуы мен қызметтер аткаруы үшін өте маңызды. Оларға көптеген ДНҚ бөлімдерін, интерфазалық ядроның ақуыздық көпірімен байланыскан ДНҚ бөлімдерін, репликация немесе траскрипция басталатын бөлімдерін, және де осы процестерді реттеп отыратын ДНҚ бөлімдерін жатқызуымызға болады. Хромосомада нуклеин қышқылдарын гибридизациялау әдісі бойынша (in situ) осы фракциясының локализациялануы зерттелді. Ол үшін оқшауланған сателитті ДНҚ - да бактериалдық ферменттердің көмегімен 3Н - уридинмен таңбаланған РНҚ синтезделді. Содан соң хромосомалармен бірге цитологиялық препаратты ДНҚ денатурациясы жүретіндей өңдеуге ұшыратады (жоғары температура, сілтілік орта және т.б.). Содан соң препаратқа таңбаланған 3Н РНҚ енгізіп, ДНҚ мен РНҚ арасындағы гибридизацияны жүзеге асырады. Радиоавтография көмегімен таңбаның басым бөлігі хромосомалардың біріншілік үзбе зонасында жинақталған, олардың центромерлі учаскелерінде жинақталғаны анықталды. Таңба әрі хромосомалардың басқа да бөлімдерінде табылған, бірақ аз түрде . Соңғы 10 жыл ішінде центромерлі ДНҚ зерттеуде үлкен жетістіктерге кол жеткізілді, әсіресе ашытқы жасушалары негізінде. Мысалы, S. cerivisiae - нің центромерлі ДНҚ - сы 110 ж.н. бойынша қайталанатын бөлімдерден тұрады. Ол 2 консервативті участок (I және III) және негіздері AT - жұптарға бай орталық элементтен (II) тұрады. Дрозофила хромосомасының ДНҚ - центромерасының кұрылысы осыған ұқсас келеді. Адамның центромерлі ДНҚ- сы (альфоидты сателитті ДНҚ) 170 ж.н. бойынша мономерлер бірлігінен құралған, димерлер немесе пентамерлер топтарына біріктірілген, өз кезегінде олар 1-6.103 п.н. бойынша үлкен қатарлар түзеді. Осындай ең үлкен бірлік 100- 1000 рет кайталанған. Осындай спецификалық центромерлі ДНҚ-мен ерекше центромерлі ақуыздар комплекс құрады, олар өз кезегінде кинетохора деп аталатын құрылымды түзуге қатысады. Кинетохора-хромосомалардың ұршық микротүтікшелерімен байланыс түзуді, әрі хромосомалардың анафаза кезінде қозғалуын камтамасыз етеді.