Эндотелий (кейде Эндотелді жасушалар, , грек, endon — ішкі, thele — кеуделік емізікше) — жүректің, қан және лимфа тамырларының ішкі бетін астарлайтын жұқа қабық. Ол қанмен тікелей жанасып жатады. Эндотелді құрайтын жасушалар (эндотелиоциттер) — жалпақ пішінді жұқа жасушалар. Негіздік жарғақта орналасқан эндотелиоциттердің сопақ ядролары болады. Цитоплазмасындағы микрофиламенттердің арқасында эндотелиоциттер жиырылуға қабілетті. Эндотелиоциттердің ішкі және сыртқы беттеріндегі көптеген пиноцитозды көпіршіктер, олардың зат алмасу процесіне белсенді қатысатынын көрсетеді.Биоморфология терминдерінің түсіндірме сөздігі/ - Алматы: "Сөздік-Словарь", 2009. ISBN 9965-822-54-9 Дереккөздер

Санат:Жүрек-тамыр жүйесі